Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қазақстанда кәсіпкерлік білімді дамыту бойынша өткен ҚР БҒМ жұмыс тобының мәжілісі
28 Сәуір 2016
15.04.2016-16.04.2016 ж. аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында кәсіпкерлік білімді дамыту бойынша ҚР БҒМ жұмыс тобы мүшелерінің дөңгелек үстелі болып өтті.
Ташкент мемлекеттік стоматология институтының (Өзбекістан) Бұхарадағы филиалында студенттерге, магистранттарға, клиникалық ординаторларға арналған 2-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 16-17 сәуір 2016 жыл
27 Сәуір 2016
2016 жылдың 16-17 сәуірінде Бұхара қаласында (Өзбекістан) Ташкент мемлекеттік стоматология институтының Бұхарадағы филиалының базасында студенттерге, магистранттарға, клиникалық ординаторларға арналған 2-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Микробиология кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесі
27 Сәуір 2016
2016 жылдың сәуір айының 21 жұлдызында ҚММУ-ң микробиология кафедрасының ғылыми үйірмесінің шеңбері аясында үйірме мүшелері және «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының 2 курс студенттері Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы мен университеттің мұражайына барды.
Шет тілдер кафедрасында тәжірибелік сабақ шеңберінде RBL әдісін колдану
27 Сәуір 2016
Сәуір айының 19 жұлдызында 1-0017 ЖМ тобында шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы О.В.Калинкина RBL әдісін колдана отырып, «Шет тілі » пәні бойынша «The City Life or the Village Life: which is the best? » тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақ шеңберінде оқытушы әлеуметтік сауалнама, мәліметтерге талдау жүргізу, мақалаға аңдатпа жазу, аталған тақырып бойынша эссе жазу сияқты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формаларын колданды.
IMEC-2016
27 Сәуір 2016
2016 жылдың 20 – 22 сәуір аралығында Куала-Лумпур, Малайзия қаласында Медициналық білім беру бойынша «Медициналық білім беруде мәдениет пен құндылықтарды біріктіру» атты 11-ші Халықаралық Конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты медициналық білім беруде мәдени құзыреттілікті енгізу қажеттілігі мен маңыздылығын анықтау болып табылады.
Құқықбұзушылықтың алдын алу
27 Сәуір 2016
8 сәуірде Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім және ҚММУ Қазақстан студенттерінің Альянсы №2 жатақханада Қарағанды қ. ІІБ Орталық ПБ ЖПҚ өкілдерімен ҚММУ студенттерінің кезекті кездесуін ұйымдастырды. Жиналыс ішкі құқықтық тәртіпті сақтау, сонымен қатар, жастар арасында орын алатын жол - көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне арналды.
Медицинаның болашағы өзіміздің қолымызда!
27 Сәуір 2016
9 сәуірде Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім және «INSIGHT» пікірталас клубы ҚММУ-де «Ертеңгі күннің медицинасы – емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбына пікірталас жарысын өткізді. Жарысқа пікірталас клубының қатысушылары, сонымен қатар, университетіміздің оқытушылары қатысты. Студенттер мен оқытушылар командалары арасындағы пікірталас жарыстары ҚММУ-де дәстүрге айналды.
«Абай оқулары»
27 Сәуір 2016
8 сәуірде Қарағанды политехникалық колледжінде тұрғылықты емес ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» дәстүрлі конкурсы болып өтті. Конкурсты «Қарағанды қ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты: қазақстандықтардың рухани бірлігін нығайту және қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау және дамыту.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
27 Сәуір 2016
Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің деканаты «Мейірбике ісі» мамандығының 4 – курс 4-004 топ студенттері Анелия Сергеевна Айтпаеваны және Анна Леонидовна Суровцеваны Курск мемлекеттік медицина университетінде (Курск қ., Ресей) «Медициналық ғылым аптасы» аясында халықаралық қатысумен өткен
Наурыз мейрамы
26 Сәуір 2016
Наурыз мейрамы қарсаңында университетіміздің № 2 студенттер жатақханасы ғимаратында № 2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының «Қош келдің, әз-Наурыз» - атты мерекелік шарасы өтті. Мерекелік іс-шараны өткізуге кафедра ұжымы мен жалпы медицина мамандығының 6-7 курс интерндері қатысты.