Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқықбұзушылықтың алдын алу

Құқықбұзушылықтың алдын алу

27 Сәуір 2016

8  сәуірде Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім  және ҚММУ Қазақстан студенттерінің Альянсы №2 жатақханада Қарағанды қ. ІІБ Орталық ПБ ЖПҚ өкілдерімен  ҚММУ студенттерінің кезекті кездесуін ұйымдастырды. Жиналыс ішкі құқықтық тәртіпті сақтау, сонымен қатар, жастар арасында орын алатын жол - көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне арналды. Жатақхананың ішкі тәртібін сақтау, студенттердің жеке заттарын ұрлау фактілерінің алдын алу және университеттің ішкі тәртібі ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды.

  Студенттерге жатақхананың ішкі тәртібін қадағалау  секциялардың старосталары мен ЕХД жүктелгендігі, сонымен қатар, жатақханада құқықбұзушылық орын алған жағдайда студенттер ең бірінші ЕХД және секция старостасына хабардар ету қажеттілігі түсіндірілді, себебі, қадағалаудан бөлек, жанжалдың туындауының алдын алу олардың міндетіне жатады.

  Өз кезегінде Қарағанды қ. ІІБ Орталық полиция болімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің өкілі, полиция майоры Мустафин Азамат Мұратұлы студенттерге 2014-2015 жылдардағы Қарағанды қ. жол-көлік оқиғаларының статистикасы туралы, көпшілікЖКО туындау себебі, ЖЖЕ бұзғандығы үшін қолданылатын шаралар туралы және 2015 жылдан жол жүру ережесіне енгізілген түзетулер жөнінде әңгімелеп берді. Қарағанды қ. ІІБ Орталық ПБ ЖПҚ өкілі жол-көлік оқиғаларының 50% жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатынын атап өтті, осыған байланысты жаяу жүргіншілерді басып кетудің негізгі себептері және көлік жүретін жолдардағы жүргіншілердің тәртіп ережесі қарастырылған.

Кездесу барысында студенттер сұхбат тақырыбына байланысты қызықтырған сауалдарын қойды. Кездесу соңында студенттерге ЖКО алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетілді.

Апсел Анар 2034 ЖМФ


0
7503

пікірлер

пікір қалдыру үшін.