Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медицинаның болашағы өзіміздің қолымызда!

Медицинаның болашағы өзіміздің қолымызда!

27 Сәуір 2016

9 сәуірде Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім және «INSIGHT» пікірталас клубы ҚММУ-де «Ертеңгі күннің медицинасы – емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбына пікірталас жарысын өткізді. Жарысқа пікірталас клубының қатысушылары, сонымен қатар, университетіміздің оқытушылары қатысты. Студенттер мен оқытушылар командалары арасындағы пікірталас жарыстары ҚММУ-де дәстүрге айналды. Дәл осындай қатысушылар құрамы пікірталас жарысын жай сайысқа айналдырмайды, әр буын дәрігерлерінің ойлары мен білімдерімен бөлісу жарысы болып табылады. Университет білімі мен дәрістерінде, көбінесе, оқытушылардан студенттерге білім беріледі, ал мұндай жарыстардың құндылығы сонда - қазіргі дәрігерлерден болашақ дәрігерлерге ойлау тәсілдері беріледі. Болашақ өткенсіз болмайды, сондықтан, ертеңгі күннің медицинасы қазіргі медицинадан туындайды.

Үкімет жағында:

1.  Пашев Виктор Иванович

2.  Никифорова Светлана Андреевна

3.  Рысбекова Бахыт Баяновна

4.  Айтпаев Тимур Аскарович

Оппозиция жағын «INSIGHT» пікірталас клубы құрады:

1.  Ахметова Шолпан 2-055 ЖМФ

2.  Гоманюк Тамара 2-081 ЖМФ

3.  Гофман Сабина 2-054 ЖМФ

4.  Даноян Гарик  2-084 ЖМФ

5.  Қырықбаев Олжас 1-028 ЖМФ

6.  Чункенеева Айкөркем 2-079 ЖМФ

Жарыссөз барысында студенттер ауруларға диагноз қою әдістері және жаңа емдеу тәсілдерінің көптеген түрлерін атап өтті. Алайда, оқытушылардың айтуынша, көптеген жаңа әдістердің бұрыннан бары және әр түрлі себептерге байланысты олар көпшілікке қазір ғана ұсынылғаны анықталды: қаражаттың жетіспеушілігі, емдеудің осы әдістерін енгізуге медициналық қауымдастықтың дайын болмауы және бұрынғы экономикалық хал-ахуалдың тұрақсыздығы.

Әдістер ғана емес, олардың қолданылуына палаталардың көзқарасы да айтылды. Осы әдістердің көпшілігі шамадан тыс дерттілік себебінен оқытушылардың ғана емес, сонымен қатар, студенттердің де қаупін туғызатындығы анықталды.

Жарыс нәтижелі өтті себебі, бұл медицинаның екі буынының кездесуі ғой.

Орындар төмендегідей бөлінді:

1 - орын: оқытушылар

2 - орын: Студенттер

Жастардың тәжірибесі мол оппоненттерге клиникалық тәжірибе деңгейі бойынша орын беруі – бұл студенттердің ұтылып қалғандығын емес, өздерінің тәлімгерлеріне еліктеуін білдіреді, ал бұл болашақ дәрігерлік тәжірибеде міндетті түрде көмектесетіні анық.

Фисенко Игорь 3056 ЖМФ

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
8400

пікірлер

пікір қалдыру үшін.