Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Абай оқулары»

«Абай оқулары»

27 Сәуір 2016

8 сәуірде Қарағанды политехникалық колледжінде  тұрғылықты емес ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» дәстүрлі конкурсы болып өтті. Конкурсты «Қарағанды қ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастырды.  Іс-шараның негізгі мақсаты: қазақстандықтардың рухани бірлігін нығайту және қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау және дамыту. 

  Конкурсқа Қарағандының орта және жоғары оқу орындарынан 15-25 жастағы қыздар мен ер балалар қатысты.Әр қатысушы Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып, сонымен қатар, оның шығармашылығы мен өмірі туралы қойылған сұрақтарға жауап беруі қажет болды.

  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен ЖМ факультетінің екінші курс студенті Калимуллина Эльза (2-077 ЖМ) қатысты. Конкурс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және классигінің туындыларын көркемдеп оқуға тырысты. Әділ  қазылар нақты шешімді шығару үшін ұзақ кеңесті. Қорытындысында, әділ-қазылардың бір ауыздан қабылданған шешімімен құрметті үшінші орын ҚММУ студенті Э. Каллимуллинаға бұйырды.  Ұйымдастырушылар жүлде орнына Эльзаға қымбат сый – қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыраны ұсынды.

   Калимуллина Эльза (ЖМ 2-077).


0
7837

пікірлер

пікір қалдыру үшін.