Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Микробиология кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесі

Микробиология кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесі

27 Сәуір 2016

2016 жылдың сәуір айының 21 жұлдызында ҚММУ-ң микробиология кафедрасының ғылыми үйірмесінің шеңбері аясында үйірме мүшелері және «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының 2 курс студенттері Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы мен университеттің мұражайына барды.

ҚММУ-ң мұражай директоры С.А.Сартабаев (біздің Пиотровский) студенттерге  университеттің тарихы мен қалыптасу кезеңдері, жетістіктері, университеттің бастауында тұрған ұлы адамдар мен біздің қазіргі мақтаныштарымыз туралы әңгімелеп берді.

Қарағанды облыстық өлкетану мұражайыының ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Кударинова Г.С. «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қарағанды ​​облысы»  тақырыптық экскурсия өткізді. Халқымыздың мәдени және тарихи мұрасымен таныстырды «Мемлекеттік рәміздер», «Палеонтология », «Археология », Дәстүрлі қазақ қоғамы» залдарын көрді. «Табиғат» залында флора мен фаунаның сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін көруге мүмкіндік алды.

Екі экскурсияда танымдық сипатта болды және студенттерді туған қала мен университет үшін патриотизмге тәрбиелеуге ықпал етті. Кафедра оқытушылары мен студенттері С.А.Сартабаевқа және Г.С. Кудариноваға өте қызықты экскурсиялар өткізгені үшін ризашылдығын білдіреді.


0
8299

пікірлер

пікір қалдыру үшін.