Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

26 Сәуір 2016

Наурыз мейрамы қарсаңында университетіміздің № 2 студенттер жатақханасы ғимаратында № 2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының «Қош келдің, әз-Наурыз» - атты мерекелік шарасы өтті. Мерекелік іс-шараны өткізуге кафедра ұжымы мен жалпы медицина мамандығының 6-7 курс интерндері қатысты. №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасымен ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне – оқу- тәрбие жұмысының проректоры В.Б. Молотов-Лучанский, интернатура факультетінің деканы  В.Б. Ташкенбаева мен декан орынбасары Ж.Б Шарапиева, ҚММУ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.А Сартабаев ардақты қонақтар ретінде шақырылды. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. 

Концерт жүргізушілері Бижан Балжан және Бадашов Константин мейрам тарихы жайлы көптеген қызықты мәліметтерді көрермен қауымға жарыса жеткізді. Мерекелік іс - шара жақсы көңіл күймен жылы атмосферада өткізілді. Қонақтар құттықтау сөзімен сөз сөйлеп, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Наурыз тойы «Қаракөз» ұлттық би ансамбілінің  мың бұралған қыздарының орындауындағы әсем бимен жалғасты. 5-курс студенттері Қусайынов Бауыржан мен Шайкен Ержас домбырамен Құрманғазының «Балбырауын»  күйін нақышына келтіріп орындап шықты. Интерндеріміз Сейдуллаева Раушангүл, Рахымжанова Айнұр, Салахиддинов Жасур, Абылбеков Сұлтан, 5-курс  студенті Молдабекова Айдана орындауында әсем әндер шырқалды. 7068-топ интерні  Азатбеков Азизжан,  7069-топ интерні Шазимов Элъдор, 7070-топ интерндері Салахаддинов Жасур, Усманов Ислам, Шәріпов Тофик өзбек және грузин ұлттық билерімен мерекені қыздырды.  Би билеп, қазақ халқының ұлттық ойыны арқан тартыс болды. Мереке бағдарламасы интерндердің қатысуымен «Беташар», «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» ұлттық әдет- ғұрыптармен жалғасын тапты. Ойын барысында қазақтың салт- дәстүрі, наурыз мейрамы туралы сұрақтар қойылды.Жеңіпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік іс- шара соңында кафедра меңгерушісі Гүлжан Жумағалиқызы  баршаны Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, қонақтар мен мерекеге белсене ат салысқан студенттерге алғысын білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Мерекелік безендірілген зал, құттықтаулар жазылған, жарқын плакаттар әрбір келген қонақтың көңілін көтерді.Барлық қонақтарды мол жайылған дастархан қарсы алып, қонақтар ұлттық тағамдар Наурыз көже және табақпен тартылған ет, бауырсақтан дәм тартты.

№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы


0
7985

пікірлер

пікір қалдыру үшін.