Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

IMEC-2016

27 Сәуір 2016

2016 жылдың 20 – 22 сәуір аралығында Куала-Лумпур, Малайзия қаласында Медициналық білім беру бойынша «Медициналық білім беруде мәдениет пен құндылықтарды біріктіру» атты 11-ші Халықаралық Конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты медициналық білім беруде мәдени құзыреттілікті енгізу қажеттілігі мен маңыздылығын анықтау болып табылады.   Малайзиядағы IMEC 2016  Медициналық білім  беру бойынша  халықаралық конференциясы денсаулық сақтау саласында медициналық білім беру мен мамандардың тәжірибесіне мәдениет пен құндылықтарды біріктіруге байланысты, ауқымды сұрақтарды қамтитын, әлемдік белгілі спикерлер мен тренерлердің қатысуымен өткен 3 күндік интерактивті конференция болып табылады.   Сонымен қатар,  IMEC 2016 «Медициналық білім берудегі инновациялар» (RHIME) Рональд Харденнің сыйақасы үшін өздерінің инновациясын көрсеткен, білім берудегі новаторлар үшін платформа болды. 

Конференцияға 30 аса елдердің делегаттары қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен, Медициналық білім беру бөлімінің маманы Л.К. Наджарян «The Reflection- based program for CPD» атты постерлік баяндамасымен қатысты.

Халықаралық медицина университеті 2017 жылдың 7-9 сәуірінде өтетін, «Медициналық білім беру шексіз» атты конференцияға қатысушыларды шақырады. Конференция төңірегінде шексіз медициналық білім берудің әртүрлі аспектісі және бұл әлемдік денсаулық сақтауды қалай жақсартатыны қарастырылады.   


0
7559

пікірлер

пікір қалдыру үшін.