Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанда кәсіпкерлік білімді дамыту бойынша өткен ҚР БҒМ жұмыс тобының мәжілісі

Қазақстанда кәсіпкерлік білімді дамыту бойынша өткен ҚР БҒМ жұмыс тобының мәжілісі

28 Сәуір 2016

15.04.2016-16.04.2016 ж. аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында  кәсіпкерлік білімді дамыту бойынша ҚР БҒМ жұмыс тобы мүшелерінің дөңгелек үстелі болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның әр түрлі университеттерінің, бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. Конференция барысында презентациялар көрсетіліп,  мастер-кластар өткізілді.

ҚММУ жұмыс тобы Концепция жобасына өз ұсыныстарын енгізді. Талқылау жалғасуда.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынанСауле Жакенова (еңбек гигиенасы кафедрасы профессорының м.а.), Айсулу Камарова (профилактикалық медицина, биология және фармацияфакультетідеканының орынбасары),  Нурбек Ердесовтен (еңбек гигиенасы кафедрасының оқытушысы) құрылған жұмыс тобы қатысты.


0
8470

пікірлер

пікір қалдыру үшін.