Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шет тілдер кафедрасында тәжірибелік сабақ шеңберінде RBL әдісін колдану

Шет тілдер кафедрасында тәжірибелік сабақ шеңберінде RBL әдісін колдану

27 Сәуір 2016

Сәуір айының  19 жұлдызында 1-0017 ЖМ тобында шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы О.В.Калинкина  RBL әдісін колдана отырып,  «Шет тілі » пәні бойынша «The City Life or the Village Life: which is the best? » тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақ шеңберінде оқытушы  әлеуметтік сауалнама,  мәліметтерге талдау жүргізу, мақалаға аңдатпа жазу, аталған тақырып бойынша эссе жазу  сияқты  студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формаларын колданды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда студенттердің белсенді қатысуы, олар алған мәліметтердің көрнекілігі, осы әдіс бойынша тәжірибелік сабақты жүзеге асыруға деген білім алушылардың  қызығушылықтарын дәлелдейді.

Аталмыш сабақ шеңберінде бірінші курс студенттері  әр түрлі  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті білім алып қана қоймай, сонымен қатар,  алған білімдерін  тәжірибеде бекіте алғаны жөнінде атап айтқан жөн.

Гуманитарлық пәндер үшін едәуір жаңа әдіс бойынша өткен сабақты  шет тілдер кафедрасы  өткізген  «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері»  мастер-класының қатысушылары жоғары бағалады.

Сондай-ақ, 1-курс бойынша жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары И.Б.Мухтарова, микробиология кафедрасының аға оқытушысы С.К.Байгужина, №1 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті Н.С.Рукабер және әріптестері тарапынан  орыс тілі кафедрасынан шақырылған қонақтарсабаққа оң пікір бәлдірді.

Кафедра оқытатын пәндер шеңберінде RBL қолдану ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға қажетті студенттердің мықты БШД түрінде өз жемісін береді  деген үміттеміз.


0
7795

пікірлер

пікір қалдыру үшін.