Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Тұңғыш Президенттің кино әлеміндегі өмірі мен қызметі.
21 Қараша 2019
2019 жылдың 20-қарашасында қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көркем фильмдер көрсетілімі талқыланды.
Түлектердің тәжрибиелік дағдыларын жетілдіру
21 Қараша 2019
Интернатура жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру нысаны ретінде жоғары медициналық оқу орындары түлектерінің теориялық білімі мен тәжрибиелік дағдыларын жетілдіруге, таңдаған мамандығы бойынша тәуелсіз кәсіби қызметке дайындығын арттыруға бағытталған. Жергілікті жерде тағылымдамадан өту жобасы болашақ дәрігерлік тәжрибиеге мамн дайындаудағы маңызды сәт болып табылады.
Медициналық сауаттылық мәселелері туралы
21 Қараша 2019
2019 жылдың 10-12 қарашасы аралығында Азиялық медициналық сауаттылық ассоциациясының ұйымдастыруымен Хошимин қаласында (Вьетнам) «The 7th International Health Literacy Conference: Health Literacy in Smart Universal Healthcare» конференциясы өтті.
Танымдық сабақтар
20 Қараша 2019
2019 жылдың 4-15 қарашасы аралығында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Алиева Меруерт Төлеуханқызы BOLASHAQ университетінде (Қарағанды қ.) академиялық ұтқырлық аясында сабақ өткізді.
Түркістан қаласына сәтті сапар
20 Қараша 2019
Академиялық ұтқырлық - Қарағанды ​​ медицина университетінің маңызды іс-шараларының бірі. Бұл менеджмент жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, университет миссиясының орындалуына ықпал етеді: «Медициналық білім саласындағы көшбасшы, ұлт денсаулығын сақтаудағы үздік әлемдік тәжірибе талаптарына жауап беретін маманның қалыптасуына бағытталған».
Жаңа молекулярлық-биохимиялық зерттеулертуралы
20 Қараша 2019
Қараша айының бірінші онкүндігінде Прага қаласында (Чехия), ESCBM (European Sсientific Center "Biomarkers") ұйымдастырған "Modern Molecular-Biochemical Markers in Clinical and Experimental Medicine - 2019" халықаралық конференциясы өтті.
Доктор Попптың құнды кеңестері
20 Қараша 2019
SES (Senior Experten Service) бағдарламасы аясында доктор Рудигер Попп (Германия) ҚМУ КеАҚ № 3 ішкі аурулар кафедрасына шақырылды. Доктор Рудигер Попптың клиникалық зерттеулер саласындағы және халықаралық ғылыми жобалар саласындағы жобаларды басқару бойынша, білімі мен дағдылары бар, статистикалық талдау мәліметтерін түсіндіруі, зерттеу құжаттары мен қорытынды есептерді құрастыру мүмкіндігі бойынша үлкен тәжірибесі бар.
Университеттің әлеуметтік миссиясы
20 Қараша 2019
30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы жоғары білім ректорлар кеңесі, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған «Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем» атты жаһандық конференция өтті.
Тәжрибиелік клиникалық компонент
20 Қараша 2019
ҚМУ медицина мектебінің деканы Газалиева Меруерт Арстановна Саран қаласының орталық ауруханасына барды,бұл көшпелі интернатура өтетін бірден – бір база болып табылады.
Достық байланыстарымызды нығайтамыз
19 Қараша 2019
Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Пархатович Ниязходжаев Елшілік өкілдерімен бірге 2019 жылы 15 қарашада Қарағанды медицина университетінде білім алып жатқан Өзбекстан студенттерімен кездесу өткізді.