Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық сауаттылық мәселелері туралы

Медициналық сауаттылық мәселелері туралы

21 Қараша 2019

2019 жылдың 10-12 қарашасы аралығында Азиялық медициналық сауаттылық ассоциациясының ұйымдастыруымен Хошимин қаласында (Вьетнам) «The 7th International Health Literacy Conference: Health Literacy in Smart Universal Healthcare» конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы мамандарды, саясаткерлерді, зерттеушілерді, медициналық сауаттылық пен денсаулық сақтауға қызығушылық танытатын ғалымдар мен студенттерді біріктіру, осы бағыттағы ұлттық, жаһандық және халықаралық тенденцияларды талқылау және зерттеу болды.

Біздің университет «Қарағанды қаласының жастарының денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламаларын жетілдіруге арналған ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу үшін Қарағанды жастарының медициналық сауаттылығын зерттеу» ішкі гранты аясында, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау, биомедицина және фармация мектебінің ғылыми ұжымының жұмысын С.Р. Жакенованың, Г.С. Каюпованың, О.Қ. Жамантаевтың, Н.Ж. Ердесовтың, Ж.Е. Болатованың атынан қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының магистранты Ж.М. Қуаныш ұсынды.

Ж.М. Қуаныш

 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

мамандығының магистранты


0
2397

пікірлер

пікір қалдыру үшін.