Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түркістан қаласына сәтті сапар

Түркістан қаласына сәтті сапар

20 Қараша 2019

Академиялық ұтқырлық - Қарағанды ​​ медицина университетінің маңызды іс-шараларының бірі. Бұл менеджмент жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, университет миссиясының орындалуына ықпал етеді: «Медициналық білім саласындағы көшбасшы, ұлт денсаулығын сақтаудағы үздік әлемдік тәжірибе талаптарына жауап беретін маманның қалыптасуына бағытталған».

Бұл сала қорыта айтқанда,  білім сапасын жақсартып, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби, мәдени және білім деңгейлерін арттырады.

  2019 жылдың 4 мен 18 қарашасы аралығында  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасының ассистент профессоры  Абуова Газиза Темірәліқызы Х.А. Яссави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болып қайтты.

  Аталған  университетте «Жалпы иммунология» пәні  «Жедел медициналық көмек» кафедрасында оқытылады. Пән «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттеріне  оқытылады.

  Абуова Г.Т. келесі тақырыптар бойынша тәжірибелік  сабақтар өткізді:

- жасушалық иммунитет жүйесі;

- жасушалық иммунитеттің негізгі қызметтері;

- Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциациялануы;

- Т-лимфоциттердің антигенге тәуелді  дифференциациялануы;

- лейкоцитарлық формула, лейкограмманы және иммунограмманы талдау;

  Сонымен қатар, сабақтар барысында ғылыми көзқарас принциптері, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар және жүйелілік қолданылды.

Тәжірибелік сабақтар TBL кіші топтармен бағдарланған және клиникалық жағдайға негізделген СBL түрінде жүргізілді.

Ассистент профессор Г.Т. Абуованың жүргізген жұмыстарын, өткізген сабақтардың кәсіби деңгейін, оқытушылық шеберлігін, мазмұнын, өзектілігін  университет  басшылығы жоғары бағалады.


0
2708

пікірлер

пікір қалдыру үшін.