Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Достық байланыстарымызды нығайтамыз

Достық байланыстарымызды нығайтамыз

19 Қараша 2019

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Пархатович Ниязходжаев Елшілік өкілдерімен бірге 2019 жылы 15 қарашада Қарағанды медицина университетінде білім алып жатқан Өзбекстан студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Саидикрам Пархатұлы студенттерге Қазақстан елінде тұру тәртібін сақтау керектігін, Республикадағы жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуымен және отандастармен ынтымақтастық аясымен егжей – тегжейлі таныстырды.

Сонымен қатар Елшіліктің өкілдері студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді, оның ішінде Өзбекстанда жұмысқа орналасу перспективалары, Республикада жас мамандарға жасалынған жағдайлар туралы.

Сондай-ақ студенттер алдағы Парламент сайлауы туралы,сайлауды өткізу орны, уақыты және Өзбекстан азаматтарын Қарағанды қаласында сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы ақпарат алды.

Саидикрам Пархатұлы Қазақстан мен Өзбекстан арасында берік алаң бар екенін атап өтті, екі жақты қатынастарды одан әрі кеңейту және тереңдету,олардың ішінде саяси мәселелердің жоғары деңгейінде болуы, сауда – экономикалық байланыстардың дамуына, мәдени гумманитарлық ынтымақтастықтарды жандандыру арқылы біздің халықтарымыздың арасындағы достықты нығайту.

Елші қонақжай қазақ жерінде Өзбекстан студенттеріне барлық жағдайды жасағаны үшін университет басшылығына ризашылығын білдірді: «Қарағанды медицина университеті - бұл денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша қазақстандағы жетекші медициналық университеттердің бірі. Біздің балаларымыздың осында оқитынына біз өте қуаныштымыз, олардың терең білім алатынына және оларды еліміздің гүлденуі үшін қолдана алатынына сенімдімін»деп сөзін аяқтады.


0
2589

пікірлер

пікір қалдыру үшін.