Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

14 қараша - Дүниежүзілік диабет күні
19 Қараша 2019
Дүниежүзілік диабет күнін медицина және стоматология мектептерінің оқытушылары мен студенттері тақырыптық семинарда атап өтті.Студенттер диабет туралы баяндамалар мен презентациялар дайындап қана қоймай, сондай-ақ, өздері науқастың рөлінде болды.Тапсырма қызықты болды - ақпаратты қызықты және де қол жетімді жеткізіп, ауыр ауруды емдеуге және алдын алуға ұмтылуға ықпал еткізді.
Ұлттық кодтын тарихи тамыры: Махмут Кашкари және онын заманы
18 Қараша 2019
2019 жылы 14 қарашада қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» интербелсенді семинар аясында «Рухани жаңғыру. Ұлттық кодтың тарихи тамыры: Махмұт Қашқари және оның заманы» атты ғылыми-әдістемелік конференция болды.
Астана декларациясы
18 Қараша 2019
2019 жылдың 25 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университетінің медицина мектебінің базасында алғашқы медициналық- санитарлық көмек туралы Астана декларациясының қабылдауының 1 жылдығын мерекелеуге арналған дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы, денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы.
Кідіріссіз жағдайлар аймағы
18 Қараша 2019
2019 жылдың 15 қарашасы күні Симмуляциялық және білім беру технологиялары орталығының қызметкерлері мен 1, 2, 3 жыл білім алып жатқан резиденттердің арасында кідіріссіз медициналық көмек көрсету бойынша «Кідіріссіз жағдайлар аймағы» атты байқау ұйымдастырылды. Клиникалық сценарий ретінде «Тұтқындарды кепілге алу. Қарулы шабуыл» алынды. Топтарды бағалауға Қарағанды қаласының тәжірибедегі денсаулық сақтау қызметкерлері қатысты.
Халықаралық байқаудағы Жеңіс!
18 Қараша 2019
2019 ж. 29 қыркүйек - 29 қазан аралығында Ресей, Мәскеу қаласында кәсіби оқу орындарының білім алушылары мен педагогтарының ІІІ халықаралық конкурсы өтті.
Түлегімізді мақтан тұтамыз!
13 Қараша 2019
Қараша айының басында Қарағанды – Шахтинск трассасында жол – көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Кирилл Демьянов ауыр жарақат алды.Қарағанды Медицина университетінің «Жалпы дәрігерлік тәжірбие» бағыты бойынша осы жылғы түлегі Эдурард Шайдуллин кездейсоқ жол апатының куәсі болды. Қазіргі таңда Эдуард Шахтинск қаласының емханасында жұмыс жасайды.
Оқытушыларға деген махаббат
13 Қараша 2019
2019 жылдың 6 қарашасында Қарағанды ​​медицина университетінің бірінші ректоры Пётр Моисеевич Поспеловтың туған күніне орай «Жалпы медицина» мамандығының 3-036 тобының студенттері мұражай меңгерушісі Н.Ф.Сайфулинамен, Қоғамдық денсаулық сақтау, биомедицина және фармация мектебінің профессоры С.Р.Жакеновамен Старомихайловский зиратына барды.
Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
07 Қараша 2019
5 қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы, Қырғызстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Армеану іс-сапармен Қарағанды қаласына келді. Сапардың басты мақсаты – Румыния киносы фестивалінің ашылуы.
Алғашқы ректор туралы естелік
06 Қараша 2019
Бүгін, 2019 жылдың 6 қарашасы күні Қарағанды мемлекеттік медицина институтының алғашқы ректоры Петр Моисеевич Поспеловтың туғанына 116 жыл толды. Ол салған дәстүрді біздің ЖОО-да жалғастырып келеді.
Кәсіпкерлік уикенд
29 Қазан 2019
23-24 қазанда Қарағанды медицина университетінде «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында өткізілетін REW Challenge аймақтық кәсіпкерлерге арналған іс-шара өтті. Жобаны біздің университет ERG, AlmaU және Тель-Авив университетінің достары қауымдастығымен серіктестікте бірлесе отырып жүзеге асырады.