Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
14 қараша - Дүниежүзілік диабет күні

14 қараша - Дүниежүзілік диабет күні

19 Қараша 2019

Дүниежүзілік диабет күнін медицина және стоматология мектептерінің оқытушылары мен студенттері тақырыптық семинарда атап өтті.Студенттер диабет туралы баяндамалар мен презентациялар дайындап қана қоймай, сондай-ақ, өздері науқастың  рөлінде болды.Тапсырма қызықты болды - ақпаратты қызықты және де қол жетімді жеткізіп, ауыр ауруды емдеуге және алдын алуға ұмтылуға ықпал еткізді. Сөз сөйлеушілер диабет дамуының алдын алуға қабілетті этиологиясы, патогенезі, қауіп факторлары, диета және салауатты өмір салты туралы айтты.Студенттік топтар қант диабеті туралы буклеттер дайындады, бұл буклеттер келесі аптада Қарағанды медицина университетінің клиникасында емделушілерге қолжетімді болады.

Пациенттің отбасындағы диабеттің психоәлеуметтік аспектілеріне студенттердің назарын аударып клиникалық жағдай ұсынылған, семинарға қатысушылар пациенттің проблемасын шешудің ең тиімді тәсілдерін таңдады.

  Семинар соңында пациентті глюкометрді пайдалануға үйрету жағдайы ұсынылды, сонымен қатар студенттердің бірі "қиын пациент" деп аталатын қарт әжемен жұмыс істеуге мәжбүр болды, ол нұсқаулықты нашар есте сақтаған, мазасызданған, бірақ болашақ дәрігер Руслан Ватанович Ибрагимов (медицина мектебінің 5-033 тобы) науқасты оқытуда эмоциялық тұрақтылық пен шыдамдылық таныта отырып, тапсырманы "өте жақсы" орындады. Медициналық психология  кафедрасының оқытушылары қол жеткізілген семинар нәтижесіне риза болды -  білім алушылар, пациентті науқас бағдарланған тәсілімен ұстанымдарын және симуляциялық пациенттің моделіне клиникалық коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруын  көрсетті.

  Біздің семинардың қатысушылары: Аденова Асем, Ахметова Вера, Исламова Гаухар – 5045 ЖМ, Ибрагимов Руслан, Нариманов Ж. - 5033 ЖМ, Баязитова Наиля, Еспараева Диана – 5033 ЖМ, Айдарханов Еламан - 6060 ЖМ , Иманбаева Айгерим – 6054 ЖМ, Зиятова Еркежан - 6009 ЖМ, Казиева Гульнур – 6054 ЖМ, Адияр Гульназ - 5054 ЖМ, Ахмеров Хафиз - 6053 ЖМ, Шушанова Айсулу - 6061 ЖМ, Оразбек Аслан , Сейсенбекова Маржан, Имагамбетова Алия - 1 поток, 4 курс, СТОМ.


0
2390

пікірлер

пікір қалдыру үшін.