Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ынтымақтастықты кеңейту

Ынтымақтастықты кеңейту

17 Шілде 2024

Ататүрік университетінің өкілдері (Эрзурум қ., Түркия) Қарағанды медицина университетінде қонақта болды.
Қонақтар өздерінің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ академиялық және ғылыми жетістіктерін ұсынды.
Тараптар ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Бірлескен ғылыми жобаларды, студенттер мен оқытушылар алмасуды көздейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Екі тараптың өкілдері Қазақстан мен Түркияда медициналық білім беруді дамыту үшін осы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Жаңа серіктестік білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ете отырып, студенттер мен оқытушылар үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды деп күтілуде.

Ататүрік университетінің делегациясы Қарағанды медицина университетінің жылы шыраймен күтіп алғанын атап өтіп, сапарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

0
39

пікірлер

пікір қалдыру үшін.