Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кәсіпкерлік уикенд

Кәсіпкерлік уикенд

29 Қазан 2019

 23-24 қазанда Қарағанды медицина университетінде «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында өткізілетін REW Challenge аймақтық кәсіпкерлерге арналған іс-шара өтті. Жобаны біздің университет ERG, AlmaU және Тель-Авив университетінің достары қауымдастығымен серіктестікте бірлесе отырып жүзеге асырады.

Уикендтің алғашқы күнін «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ –ның академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Виктор Риклефс, AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің жоба менеджері Асем Кабулова, ERG корпоративті коммуникациялар департаментінің PR-менеджеріСауя Сейпенова ашты. Спикерлер Қарағанды медицина университетінің студенттері 3 жыл бойы болып жатқан іс-шараларға белсенді қатысып келе жатқандығын атап өтті.

   Дәл осы күні студенттерге «6П принципі – саналы тұтыну» (жаттықтырушы Надежда Ващенко, EcoNetwork негізін қалаушы, экожаттықтырушы) және «Жергілікті қауымдастықтар үшін кеңістік құру» (жаттықтырушы Владислав Филатов, DNT Center Story сәулетшісі, жоба жетекшісі «Жаңа қоғамдық орындар») тректері бойынша оқыту ұйымдастырылды.

  Арад Давар AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің деканы, «Сыни ойлау: проблемалық оқыту және жеке қаржылық сауаттылықты оқыту» тақырыбында университеттің оқытушылары мен қызметкерлеріне шеберлік мастер-кластар өткізді.

  Екінші күні қатысушылар қала ландшафтын жақсартуға бағытталған жобалар жасады. Білім алушыларға спикерлерден қаладағы мәселелерді зерттеу тапсырмасы берілді. Қатысушылардың 18 тобы әр түрлі идеяларды ұсынды: жылы орындықтардан бастап орталық мәдениет және демалыс саябағында көлді тазартуға дейін.Кәсіпкерлік уикендтің негізгі тақырыптары «Урбанистика» және «Экология».

  AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің жоба менеджері  Асем Кабулова, ERG корпоративті коммуникациялар департаментінің PR-менеджері Сауя Сейпенова және Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының жоба менеджері  Дана Санаубаева осы әділқазылар алқасының бағалауы негізінде meet-up «Olympic Entrepreneurial Games» кездесуіне қатысу құқығына ие болған келесі «Альтры», «Острые козырьки», «StageE» және «REL» топтарын үздік деп таңдап алды.

   «OlympicEntrepreneurialGames» жобаның биылғы жылғы соңғы іс-шарасы болады және желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

#EcoSystemERG

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі»

жобасының үйлестірушісі

Александр Урмашов


0
2212

пікірлер

пікір қалдыру үшін.