Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Университеттің әлеуметтік миссиясы

Университеттің әлеуметтік миссиясы

20 Қараша 2019

30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы жоғары білім ректорлар кеңесі, Қазақстандағы  Эразмус+ ұлттық кеңсесі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған «Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем» атты жаһандық конференция өтті.Конференцияға стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы және «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының үйлестірушісі, комплаенс-офицері Урмашов Александр Николаевич қатысты. 

Конференцияның басты мақсаты жоғары оқу орындарының жаһандық әлемде орналасуы жағдайындағы үшінші білім беру миссиясын талқылау және университеттердің әлеуметтік миссиясының стратегиясы мен оны Қазақстанда жүзеге асырудың формаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Конференция аясында параллель сессиялардың жұмысы ұйымдастырылды: «Университеттер мен қоғамның өзара іс-қимылының құралдары мен тәжірибелері», «Университеттер мен бизнестің әлеуметтік даму саласындағы серіктестігі», «Әлеуметтік әділеттілік пен теңдік», «Жоғары білімнің әлеуметтік факторының ұлттық тұжырымдамасы: презентация - пікірталас».

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының үйлестірушісі «Кәсіпкерлік ойлауды дамыту: «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттерінің әлеуметтік жобалары» баяндамасын ұсынды, оны секция қатысушылары бейінді емес университеттің ең жақсы тәжірибесі деп атап өтті.

Сонымен қатар, Эразмус+ бағдарламасының аясында университеттің  «TAME», «TRUNAK» және «TUTORIAL» жобаларын ұсынған постер көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Қарағанды медицина университеті Эразмус+ Жоғары білім беру саласындағы потенциалды арттыру жобаларының қатысушылары – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ТОП-10-дық құрамына кіреді, ал 2 жобада университет үйлестіруші болып табылады.


0
2111

пікірлер

пікір қалдыру үшін.