Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа молекулярлық-биохимиялық зерттеулертуралы

Жаңа молекулярлық-биохимиялық зерттеулертуралы

20 Қараша 2019

Қараша айының бірінші онкүндігінде Прага қаласында (Чехия), ESCBM (European Sсientific Center "Biomarkers") ұйымдастырған "Modern Molecular-Biochemical Markers in Clinical and Experimental Medicine - 2019" халықаралық конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Австралия, Израиль, Польша, Словения, Венгрия, Румыния, Болгария, Украина, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Молдова, Ресей Федерациясы, Босния және Герцеговина, Сербия, Македония, Үндістан, Жапония ғалымдары қатысты.

Қазақстан Республикасының атынан  Қарағанды медицина университетінің №1 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, "Медицина" мамандығының PhD докторанты Бодаубай Роза (ғылыми жетекшісі - м.ғ. д., профессор Д. Ж. Тайжанова) қатысты.

Қатысушының "Comparative clinical and angiographic evaluation of the long-term results of coronary stenting in patients with ischemic heart disease" атты тақырыптағы ауызша баяндамасы өзінің өзектілігімен және жаңа ғылыми жаңалығымен  конференцияның басқа қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

Форум аясында PhD докторант Р. Бодаубай "Algorithms and standards of biological markers" бойынша тренинг оқуынан өтіп, сертификат алды.


0
2355

пікірлер

пікір қалдыру үшін.