Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәжрибиелік клиникалық компонент

Тәжрибиелік клиникалық компонент

20 Қараша 2019

ҚМУ медицина мектебінің деканы Газалиева Меруерт Арстановна Саран қаласының орталық ауруханасына барды,бұл көшпелі интернатура өтетін бірден – бір база болып табылады.

Бұл медициналық мекеме Саран және Ақтас қалаларының тұрғындарына ересектер мен балаларға білікті консультативті – диагностикалық, стационарлы, медициналық көмек көрсететін мекеме.

Консультативті – диагностикалық бөлім зертханалық, физиотерапевтік және ренгендік бағыттарда көмек көрсетеді.

Емхана құрылымында отбасылық денсаулық орталығы және бөлімдері, терапевтік,педиатриялық,гинекологиялық,стоматологиялық,профилактикалық және әлеуметтік психологиялық көмек көрсетеді.

Емхана тәулік бойы 80 төсекке арналған жалпы хирургиялық, жалпы терапевтік және акушерлік – гинекологиялық профильді көмек көрсетеді.

Тәулік бойы жедел жәрдем қызметі онда 3 команда арнайы 3 мамандандырылған автокөліктермен жұмыс жасайды, олардың бірі Ақтас ауылында.

Бас дәрігердің міндетін атқарушы Ермолаев Иван Евгеньевич медициналық білім саласындағы инновациялардың артықшылықтары туралы айтты: «Көшпелі интернатура – бұл маманның қалыптасуындағы маңызды кезең, ол университетте оқу кезеңінде практикалық компонент алуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.Біз интерндерді бөлімдер мен емханаларға бөлеміз, олар ем алушыларға көмек беріп, медициналық анықтаманы, амбулаториялық карталарды толтырады, кезекшілікке тұрады, таңертеңгі конференцияларда есеп береді, шешім қабылдауда тәуелсіз болады, үлкен командада өмір сүруге және жұмыс жасауға үйренеді. Сонымен  қатар сіздердің көптеген студенттеріңізді болашақта біздің емханамызға жұмысқа орналасу үшін күтеміз.

Саран қаласының орталық ауруханасында болашақ хирургтар, жалпы тәжрибиелік дәрігерлер, педиатрлар, акушер – гинекологтар тәжрибиеден өтеді. Біздің түлектеріміз көшпелі интернатура кезеңінде тәжрибие өту оларға өздерін дәрігер ретінде сезінуге, емделушілермен жұмыс жасауда, өздерінің теориялық және коммуникативті дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретінін айтты.

Көшпелі интерндер өздерінің тәлімгері Ермолаев Иван Евгеньевичке, Быкова Наталья Николаевнаға, Елманов Павел Серггевичке, Горностева Светлана Юрьевнаға, Ксанов Нуралы Жамаладиновичке, Снежко Ольга Геннадьевнаға, Исакова Лилия Наильевнаға, Шушканов Олег Сергеевичке, Зинченко Николай Анатольевичке берген тәжрибиелеріне, қолдау көрсетіп өз салаларында үздік болуға қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғыстарын білдірді.


0
2380

пікірлер

пікір қалдыру үшін.