Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

1 2 3
Құттықтаймыз !!!!!
12 Мамыр 2015
Астана қаласында өткен «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты Республикалық оқытушылар сайысқа қатысып жүлделі 2-орынға ие болған «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Динара Ермекқызы Джакупованы шын жүректен құттықтаймыз.
Түркия, Ататүрік университетіндегi ҚММУ оқытушыларының академиялық ұтқырлығы.
08 Мамыр 2015
4-20 сәуір кезiнде, профессор, биохимия кафедрасының меңгерушісі Л.Е. Муравлева, профессор, №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М.Тұрғынов, биохимия доценті Н.У. Танкибаева түрік қаласы Эрзурумдағы Ататүрік университет медициналық факультетінде, біздің университетінің және түрікиянын Мевлан университетінің академиялык алмасу бағдарламасы сыртқы академиялық ұтқырлығы шеңберінде, дәрістер және семинарларды өткізді.
«Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері»
05 Мамыр 2015
Сәуір айының 24 күнінде ҚММУ «Болашақ» Қарағанды университетіндегі студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар арасында өткізілген «Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысты.
«Про Федота- стрельца, удалого молодца» спектаклінің тұсаукесері
05 Мамыр 2015
3 сәуірде, ҚММУ бас ғимаратының акт залында Леонид Филатовтың пьессасы бойынша ҚММУ театр өнері үйірмесінің қоюымен «Про Федота-стрельца, удалого молодца» спектаклінің тұсаукесері болып өтті. Пьесса "Поди туда, не знаю куда" орыс халық ертегісінің желісі бойынша жазылған. Спектакль көрермендерге толы болды, ҚММУ қызметкерлері және студенттері ғана емес, басқа қалалардан келіп оқып жатқан оқушылардың туысқандары, ата-аналары да тамашалады.
Сақта жолдың тәртібін
05 Мамыр 2015
2015 жылдың 27 сәуірінде жастар арасында жол көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын-алу айлығы аясында Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшілігімен Студенттік өзін-өзі басқару комитетінің (әрі қарай - СӨӨБК) құқықтық–патриоттық тәрбие жөніндегі секторымен зияткерлік ойын өткізілді.
Кітапханадағы мерекелік байқау
05 Мамыр 2015
15 сәуірде, Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханада Қозымен Баян ғашықтар күніне арналған «Сезім деген ең әуелі мөлдірлік» іс-шарасы болып өтті. Байқауға ҚарМТУ студенттері, «Болашақ» университетінің және колледждің оқушылары, сонымен қатар Гуманитарлық және Банк колледжінің оқушылары қатысты.
Жастар және ғылым!
05 Мамыр 2015
Бұл инновациялық ғасырда жастарды ғылымға баулу мемлекеттік деңгейдегі басты мақсат. Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру концепциясында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді артықшылықтары көрсетілген. Сонымен қоса, Қазақстандық ғылымдағы жаңа ашылулар мен инновациялардың динамикалық өсуін қамтамасыз етуі қажет.
«Кім көп біледі?»
04 Мамыр 2015
Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшілігімен Студенттік өзін-өзі басқару комитетінің (әрі қарай - СӨӨБК) құқықтық–патриоттық тәрбие жөніндегі сектор қатысушылары Қарағанды мемлекеттік медицина университеттінің 65 жылдығына арналған зияткерлік ойынын өткізді.
Оқу үдерсіндегі жаңа технологиялар
04 Мамыр 2015
2015 ж 23 сәуірінде 1050 топта «Орыс тілі» пәнінен «Ғылым тарихынан. Гипотеза. Эксперимент. Практика. Жай сөйлемдегі мезгіл, мақсат пысықтауыш мағыналарын сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемдер арқылы білдіру» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізілді. Берілген сабақты өткізу мақсаттарының бірі оқытудың электронды технологиясын дәріптеу болып табылады, сондықтан сабақта С.Т. Ускенбаева өзінің авторлық электронды оқу құралын белсенді түрде қолданды.
«Кәсібилікке табысты қадам!»
04 Мамыр 2015
Жалпы медицина және стоматология факультеті деканаты «Стоматология» мамандағының 5-курс студенті Сердалин Асқар Қайыржанұлын, Алтай мемлекеттік медицина университетінде 8-10 сәуір аралығында өткен (Барнаул қ-сы) терапиялық стоматология туралы VI халықаралық студенттер олимпиадасында «Эндодонтическое мастерство» номинациясы бойынша жүделі III орын иеленумен құттықтайды.