Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Кім көп біледі?»

«Кім көп біледі?»

04 Мамыр 2015

Қарағанды мемлекеттік медициналық  университеті жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшілігімен Студенттік өзін-өзі басқару комитетінің (әрі қарай - СӨӨБК) құқықтық–патриоттық тәрбие жөніндегі сектор қатысушылары Қарағанды мемлекеттік медицина университеттінің 65 жылдығына арналған зияткерлік ойынын өткізді.

Ойынымыздың қатысушылары жатақханада тұратын студенттер қатарынан тұрды: «Болашақ» (№ 1 жатақхана), «Намыс» (№ 2 жатақхана), «Жау жүрек» (№ 3 жатақхана), әр топта 4-5 студенттен құралды.

Ойынымыздың әділ-қазылар алқасы:

Баймамыров Ақылғазы Аманғазыұлы - Қазақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасының оқытушысы

Мамбетова  Әсел Айтжанқызы – жастармен тәрбие жөніндегі бөлімнің маманы

Рахметов Жандос Жарылқасынұлы – СӨӨБК-нің төрағасы

Ойын үш кезеңнен тұрды:

1. «Ұшқыр-ой»

2. «Ойлан, тап»

3. «Кім жылдам?»

Ойын қатысушыларымыздың өздерінің зияткерлік ойлау қабілетін танытып, сонымен қатар біздің университетіміздің тарихын жетік білуге көмегін тигізді.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша:

1-орын - «Жау жүрек» (№ 3 жатақхана)

2-орын - «Болашақ» (№ 1 жатақхана)

3-орын - «Намыс» (№ 2 жатақхана)

Ойыншыларымыздипломдармен қоса құнды сыйлықтарымен марапатталды. Ойынымыз мемлекеттік тілде өткендіктен, студенттеріміз болашақта осындай ойындарды орыс тілінде де өткізілсе деген тілектерін білдірді.

Зияткерлік ойынымыз ұйымдастыруға көмек көрсеткендері үшін жатақханалар СӨӨБК-нің төрағаларын: Мұрат Дарибаевқа (№ 1 жатақхана), Озал Шариповқа (№ 2 жатақхана) және Қуаныш Алмаганбетовқа (№ 3 жатақхана) өз алғысымызды білдіреміз.

Әділбек Күляйм

1-028 ЖМ топ студенті


0
17743

пікірлер

пікір қалдыру үшін.