Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Кәсібилікке табысты қадам!»

«Кәсібилікке табысты қадам!»

04 Мамыр 2015

Жалпы медицина және стоматология факультеті деканаты «Стоматология»  мамандағының 5-курс студенті Сердалин Асқар Қайыржанұлын, Алтай мемлекеттік медицина университетінде 8-10 сәуір аралығында өткен (Барнаул қ-сы) терапиялық стоматология туралы VI халықаралық студенттер олимпиадасында «Эндодонтическое мастерство» номинациясы бойынша жүделі III орын иеленумен құттықтайды.

Бұл іс-шараға Қарағанды, Семей, Чита, Омск, Томск, Кемерево, Иркутск, Барнаул, Новосибирск қалаларынан 9 ЖОО–ның студенттері қатысты.

Олимпиада шеңберінде, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  студенттер мен СтАР жас дәрігер мамандардың II Жалпыресейлік ғылыми форумы болып өтті.

Олимпиаданы АММУ ректоры,  профессор И.П. Салдан, стоматология факультетінің деканы, профессор Л.Н. Тупикова, терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, профессор С.И. Токмакова ашты.

Негізгі сайыс алдында әр топ өз қаласы және аlma mater туралы жасалған арнайы таныстырылымды көрсетті. Жарыс ғылыми жұмыстар сайысынан басталды. Олимпиадаға қатысушылар стоматология жөніндегі ғылыми еңбектерімен бөлісті. Кейін қатысушыларды қызықты семинарлар мен эндодонтия жөнінде мастер-кластар күтіп тұрды.

Екінші күн теориялық айналымнан басталды, мұнда қатысушылар компьютерлік тестілеуден өтті. Осыдан соң фантомды кластарда эндодонтия бойынша мануальды дағдаларын көрсетіп, өзара сайысқа түсті. Демеуші – компания олимпиаданы  жүргізу  үшін студенттер жұмыс барысында қолданған  операциялық микроскоп ұсынды. Кейін сайыскерлер реставрация туралы мастер-кластар мен семинарларға қатысты.

Үшінші қорытынды күні сайыскерлер тістердің эстетикалық реставрациясы шеңберінде дағдыларын көрсетуі қажет болды. Осы күні қонақтарға Барнаул қаласы бойынша қызықты экскурсия жүргізілді және стоматологиялық клиниканы көруге мүмкіндік болды, клиниканың бас дәрігері, АММУ емдеу жұмысы бойынша проректоры О.А. Ковалев Алтай жерінде қолданылатын жаңа технологиялар туралы пайдалы әрі қызықты әңгіме жүргізді. 

Олимпиада 10-сәуір күні жарыс жеңімпаздарын мерекелік түрде марапаттаумен, грамоталар мен сыйлықтар берумен аяқталды.

Асқарды және оның ғылыми жетекшісі – кафедра меңгерушісі,  м.ғ.к., доцент Төлеутаева Светлана Төлеуқызын ЖЕҢІСТЕРІМЕН құттықтаймыз !!!

Индира Бағдатқызы Мұхтарова,

жалпы медицина және стоматология

факультеті деканының орынбасары


0
17708

пікірлер

пікір қалдыру үшін.