Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кітапханадағы мерекелік байқау

Кітапханадағы мерекелік байқау

05 Мамыр 2015

  15 сәуірде, Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханада Қозымен Баян ғашықтар күніне арналған «Сезім деген ең әуелі мөлдірлік» іс-шарасы болып өтті. Байқауға ҚарМТУ студенттері, «Болашақ» университетінің және колледждің оқушылары, сонымен қатар Гуманитарлық және Банк колледжінің оқушылары қатысты.

 

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан жалпы медицина факультетінің студенттері Серікбол Нұрасыл (2-020 ЖМ) және  Қуаныш Сабира (2-016 ЖМ) қатысты.

  «Көрмей таңдау» тәсілі бойынша жеребе келесдей бөлінді: Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - ҚММУ, «Ләйлі - Мәжнүн» - ҚУ «Болашақ», «Естай- Қорлан» - «Болашақ» колледжі, «Жібек» – Төлеген»- ҚарМТУ, «Еңлік –Кебек»- Банк колледжі және «Абай – Тоғжан»- Гуманитарлық колледжі.

Біздің балалар «Үздік интеллектуалды жұп» номинациясының жеңімпазы атанды.

  Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау қала жастары үшін жарқын оқиға толы болды және қатысушылар мен көрермендерге жағымды эмоция әкелді.

СабираҚуаныш (2-016  ЖМ).


0
17817

пікірлер

пікір қалдыру үшін.