Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастар және ғылым!

Жастар және ғылым!

05 Мамыр 2015

Бұл инновациялық ғасырда жастарды ғылымға баулу мемлекеттік деңгейдегі басты мақсат. Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру концепциясында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді артықшылықтары көрсетілген. Сонымен қоса, Қазақстандық ғылымдағы жаңа ашылулар мен инновациялардың динамикалық өсуін қамтамасыз етуі қажет. Айтылған нақты тапсырмаға сәйкес, жақсы нәтижеге жету үшін жастарды ғылымға кеңінен тарту керек. 

12 сәуір Ғылым күніне орай, жастарды азаматтық жауаптылыққа және отан сүйгіштікке тәрбиелеу, оларды ғылыми қызметке белсенді тарту және кәсіпқойлық, шығармашылық мүмкіншілігін дамыту мақсатында  13.04.2015 күні студенттер арасында «Жастар және ғылым» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары ретінде осы мәселеге қызыққан әртүрлі курс студенттері болды. Іс-шара барысында студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, жастар ғылымға қатысты өз ойларын жеткізді.  Осы өткізілген дөңгелек үстел студенттерді Қазақстанның ертеңгі күнін ойлауға итермелейді деп ойлаймыз, себебі жастар- еліміздің болашағы.

Кымбат Кабдуллина

ҚММУ Жергілікті комитеті

Қазақстан медицина жастары қауымдастығы (KazMSA)


0
17742

пікірлер

пікір қалдыру үшін.