Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқу үдерсіндегі жаңа технологиялар

Оқу үдерсіндегі жаңа технологиялар

04 Мамыр 2015

2015 ж 23 сәуірінде 1050 топта «Орыс тілі» пәнінен «Ғылым тарихынан. Гипотеза. Эксперимент. Практика. Жай сөйлемдегі мезгіл, мақсат пысықтауыш мағыналарын сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемдер арқылы білдіру» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізілді. Берілген сабақты өткізу мақсаттарының бірі оқытудың электронды технологиясын дәріптеу болып табылады, сондықтан сабақта С.Т. Ускенбаева өзінің авторлық электронды оқу құралын белсенді түрде қолданды. Практикалық тапсырмалар, тесттер мен мәтіндердің мазмұны медицинаның ұлы ашылулары жайлы ақпаратқа толы болатын. Электронды оқу құралының тапсырмалары студенттердің танымдық белсенділігіне бағытталғандықтан екі команда да үлкен қызығушылықпен жұмыс істеді. Командалық оқыту әдісін көрсетуден басқа, оқытушы интернет технологиялардың алуан түрлі тәсілдерін қолдана отырып, күрделі оқытуды да пайдаланды. Сыни ойлаудың құрылуына оқыту-тану процесінде ғылыми- зерттеу жұмысын қолдану септігін тигізеді. Берілген мақсатты іске асыру үшін кейс технология пайдаланылды. Кейс технология қашықтықтан оқытуда кеңінен қолданылатын күрделі оқытудың, ақпараттық- коммуникативтік технологиялардың, ғылыми-зерттеу әдісінің синтезі. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының талқылау тақырыбы студенттік ортадағы жасанды түсік  мәселесі және «Студенттік жастардың репродуктивті ұстанымын қалыптастыру»

Интернет технологиялардың құралдарын оқыту процесіне интеграциялау электронды пошталарды қолдану, форумдарға қатысу, чаттарда әңгімелесу және т.б. қолдану арқылы мүмкін. Осыған байланысты Индира Ильяшева, Динара Базаралиева және Алия Парпиева жылдың ақпан наурыз аралығында Мәскеуде болған халықаралық студенттердің ғылыми форумына қатысты. Олардың ғылыми жұмыстары қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызып, зерттелген тілде талқыланды, бұл аудиториядан тыс уақытта да олардың тану әрекетін өзектендірді. Студенттер жазбаша тіл дағдысын дамытты, оқытушы берген тапсырмаларды шешуге көмектесетін желі ресурстарымен жұмыс істеді. Берілген құралдар жоғары мектептің оқыту үдерісінде үлкен педагогикалық потенциалы бар: олардың интеграциясы болашақ мамандардың дайындығына септігін тигізеді.

Сабақта студенттер құрған «Русский язык» бірлестігінде ұсынылған және оқыту кезінде студенттердің аудиториядан тыс жеке жұмысында  қолданылған интернет ресурстар көрсетілді: 1. хотлист (ізделінген тақырып бойынша интернет сайттардың тізімі); 2. мультимедиа скрэпбук (суреттер, аудиофайлдар мен бейнеклиптер сілтемелері бар мультимедиялы ресурстардың тізімі); 3. сабджект сэмпл (өткір әлеуметтік және пікір-талас тақырыптары талқыланатын мәтінді және мультимедиялы материалдарға сілтемелер); 4.  вебквест (студенттердің ізделінген тақырып бойынша интернет ресурстарды қолданумен жүргізілген ғылыми ізденіс жұмыстары).

Жан-жақты жұмыс болашақ маманның лингвистикалық құзыретін (іскерлік қарым-қатынасының дағды мен машықтарын, іскерлік қатынастарды жүргізу сауатын, халықаралық іскерлік қатынас мәдениетінің жоғарылауын) қалыптастыруға бағытталған квазикәсіби  қатынастың өзектіленуіне себептесті.

Біздің ойымызша, Блум пирамидасының барлық 6 деңгейінен өту топтың қолынан келді. Сабақ барасында жылы, игілікті ахуалдың және қызықты тапсырмалардың арқасында студенттер өздерін ыңғайлы сезінді, білімділіктерін, сондай-ақ ғылыми ізденістерді жүргізе білетіндіктерін көрсетті. Студенттер де, қонақтар да сабақтан көтеріңкі көңіл күймен және позитивті күймен қайтты.


0
18025

пікірлер

пікір қалдыру үшін.