Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Медицинабілімі - мемлекеттіктілаясында».
22 Желтоқсан 2017
2017 жылдың 14 желтоқсанында «Денсаулық сақтау және мейіргер ісі» кафедрасында қазақ тілінің айлық мерекесіне байланысты «Медицина білімі - мемлекеттік тіл аясында» атты іс-шара өтті.
Бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада
22 Желтоқсан 2017
2017 жылдың қараша айында Финляндия мемлекетінде IT-программаландыру бойынша халықаралық олимпиада болып өтті.
Эразмус+ бағдарламасы аясында серіктес мемлекеттер мен бағдарламалар арасында әкімшілік қызметкерлерді оқыту және даярлау бойынша ұтқырлық
21 Желтоқсан 2017
2017 жылдың 27-қарашасынан 04-желтоқсан аралығында Эрасмус+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасының шеңберінде Инновациялық технологиялар трансферті орталығы директорының орынбасары Г.Е.Ахметова мен Стратегиялық даму және халықаралық ынмақтастық департаментінің директоры А.З.Мұратова Португалияда (U.Porto, Portugal), Порто университетінің Медицина мектебінің базасында әкімшілік қызметкерлердің оқуынан өтті. Оқыту және іс-сапар шығындары Эрасмус+ бағдарламасының негізінде қаржыландырылды
ЕҢ ҮЗДІК БАЯНДАМА!
21 Желтоқсан 2017
«Жалпы медицина» мамандығы 4-035 топ студенті Зәрубаев Руслан №1 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі м,ғ,д., профеесор Тайжанова Д.Ж., ассистент Бодаубай Р.Б. жетекшілігімен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ ҚОРЫжәне Оңтүстік-қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы ұйымдастырған «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің V халықаралық ғылыми конференциясында Iдәрежелі дипломмен, «Ең үздік баяндама» номинациясымен
«Отаным – менің жүрегім!»
21 Желтоқсан 2017
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне 2017 жылдың 12 желтоқсанында №1 ішкі аурулар кафедрасы «Отаным – менің жүрегім» атты мерекелік концерт ұйымдастырды, онда «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері өздерінің өнерлерін көрсетті. Мерекелік іс-шараға жалпы медицина және стоматология факультеті мен халықаралық медицина факультетінің декан орынбасарлары қатысты.
“Visiting professors” бағдарламасы іс-әрекет үстінде.
20 Желтоқсан 2017
Академиялық ұтқырлықтың бірі болып табылатын “Visiting professors”, бағдарламасының аясында мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне шақырылдым. Шетел бөлімінің 1 курс студенттері арасында мына күндері 27.11.17 - 07.12.17 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша ағылшын тілінде дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу мақсаты көзделінді.
ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ
20 Желтоқсан 2017
14 желтоқсан күні Қарағанды қаласының М.О.Әуезов атындағы Орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздіктің он жылдықтарынан – Нұрлы болашаққа» атты зияткерлік ойыны өтті.
Әнім менің Қазақстан
15 Желтоқсан 2017
Орыс тілі кафедрасында «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер сайысы өтті.
Шет ел тілі бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған «My heart desires the Independence!» Әдеби-музыкалық композиция
15 Желтоқсан 2017
Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар аурулары провпедевтика кафедрасы 2017 ж 13 желтоқсанында шетел тілі бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған «My heart desires the Independence!» әдеби-музыкалық композициясын ағылшын тілінде атап өтті.
Erasmus + жобасы бойынша «WELCOME: жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» атты жоба шеңберінде Тунцзы Университетінде(Шанхай қ., Қытай) «Жоғары білімнің интернационалдандыруы» халықаралық конференциясы ҚММУ-дың қатысуы
15 Желтоқсан 2017
2017 жылғы 9-10 желтоқсан аралығында Erasmus+ «WELCOME: жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасы аясында «Жоғары білімді интернационалдандыру» халықаралық конференциясы өтті. Қатысушылардың арасында Каталония политехникалық университеті (Испания), Таллин техникалық университеті (Эстония), Лиссабон университеті (Португалия), Ровира и Вирхилий университеті (Испания), Перпиньян – Виа Домитьауниверситеті (Франция), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақста