Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада

Бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада

22 Желтоқсан 2017

2017 жылдың қараша айында Финляндия мемлекетінде  IT-программаландыру  бойынша халықаралық олимпиада болып өтті. Менің тобым   қатысуы нәтижесінде екінші орын алып, мені таң қалдырды. Себебі: бұл олимпиадаға Массачусетс техникалық институты (АҚШ), Корея  озық технологиялар институты (Оңтүстік Корея), Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика  және оптика зерттеу университеті (ИТМО, Ресей) және тағы да осы секілді ЖОО-нан келген қатысушылар да болды. Презентация мен атқарылған жұмысты ағылшын тілінде қорғау барысында олимпиада қазылары мен туралы жақсы пікір білдірді.

Олимпиадаға  96 ұлттың өкілдері,  60 инвестор-компаниялар, 1500 программистер қатысты. Бұл олимпиаданың демеушілері  ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамту және IT-қызмет облысында жұмыс жасайтын әлемнің ірі корпорацияларының басшылары боып табылады. Ұйымдастырылған шарада белгілі бір уақытта жаңа техниканы ойлап табудың техникалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында іздену, теоретикалық жіне эксперименталды сипаттағы жұмыстар жүргізілілді.

Қатысушылардың компетенттілігі  Java, C++, Python, Remote database, Rxjava, Proximi.io секілді программалау тілдерін меңгеру және мәселені шешуде инновациялық призма алу үшін  оларды  интеграциялау  кезінде көріне білді.

Ұйымдастырылған шарада қатысушыларды күтіп алу, достық атмосфераны және ұйымдастырудың жоғарғы деңгейде болғанын атап өткім келеді.  Университет әкімшілігіне қатысу мүмкіншілігі мен қолау көрсеткеніне алғысымды білдіремін.

Дюйсенова Карина

6 курс интерні

0
4908

пікірлер

пікір қалдыру үшін.