Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Отаным – менің жүрегім!»

«Отаным – менің жүрегім!»

21 Желтоқсан 2017

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне 2017 жылдың 12 желтоқсанында №1 ішкі аурулар кафедрасы «Отаным – менің жүрегім» атты мерекелік концерт ұйымдастырды, онда «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері өздерінің өнерлерін көрсетті. Мерекелік іс-шараға жалпы медицина және стоматология факультеті мен халықаралық медицина факультетінің декан орынбасарлары қатысты.

Концертті Максат Сражадиновтың орындауындағы керемет «Адай» күйі ашты. Даурен Алдонгардың  «Отан-ана» әні көрермендердің жүрегеін жаулап алды. Акбота Ауескали өзі шығарған өлеңін айтты. Қазақ жерінің тарихының кішкене көрінісін 4-025 топ студенттері көрсетті. «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблі әсерлі «Қара Жорға» биін биледі. Максат Сражадинов пен Елмурат Наширдың орындауында екі дауыспен  «Ерке сылқым» күйі орындалды. Үндістан студенттері Рахул Барал және Кумар Ганеш біздің ЖОО өздерінің студенттік өмірлері туралы және біздің елімізбен достық қарым - қатынасы жайлы ән шырқады. Концерт 4-030 топ студенттерінің орындауында «Атамекен» хорымен аяқталды.

Рухы көтерілген көрермендер олармен бірге орындарынан тұрып қошеметтеп ән шырқады.  Осы концертті ұйымдастырған және қатысқан барлық балаларға алғыс білдіргіміз келеді. Біз олардың орындауларынан ұмытылмас әсер және үлкен ләззат алдық. 

4-085 топ студенттері


0
5218

пікірлер

пікір қалдыру үшін.