Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әнім менің Қазақстан

Әнім менің Қазақстан

15 Желтоқсан 2017

Орыс тілі кафедрасында «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер сайысы өтті.

 Ол Қазақстанның тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған. Мерекеге шетел және қазақ бөлімдерінің студенттері қатысты. Бірінші орынды стоматология факультетінің 1-002 және жалпы медицина факультетінің 1-013 топтары жеңіп алды.Олар қазақ халқының қонақжайлылығы туралы көркем-музыкалық композицияны ұсынды. Екінші орын «Отаным менің» әнді орындаған халықаралық медицина факультетінің 1-014, 1-015 топ студенттеріне берілді. Үшінші орынға жалпы медицина факультетінің  1-003 топ студенттері лайық болды. Көрермендер көзайымы жүлдесі халықаралық медицина факультетінің 1-016 және 1-017 топ студенттеріне бұйырды.

Олар «Қазақстан жері» әнімен өздерінің білім алып жатқан Қазақстан елі екінші үйлері екендігін білдірді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.


0
4862

пікірлер

пікір қалдыру үшін.