Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Erasmus + жобасы бойынша «WELCOME: жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» атты жоба шеңберінде Тунцзы Университетінде(Шанхай қ., Қытай) «Жоғары білімнің интернационалдандыруы» халықаралық конференциясы ҚММУ-дың қатысуы

Erasmus + жобасы бойынша «WELCOME: жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» атты жоба шеңберінде Тунцзы Университетінде(Шанхай қ., Қытай) «Жоғары білімнің интернационалдандыруы» халықаралық конференциясы ҚММУ-дың қатысуы

15 Желтоқсан 2017

2017 жылғы 9-10 желтоқсан аралығында Erasmus+ «WELCOME: жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасы аясында «Жоғары білімді интернационалдандыру» халықаралық конференциясы өтті. Қатысушылардың арасында Каталония политехникалық университеті (Испания), Таллин техникалық университеті (Эстония), Лиссабон университеті (Португалия), Ровира и Вирхилий университеті (Испания), Перпиньян – Виа Домитьауниверситеті (Франция), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан), Нархоз университеті (Қазақстан), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Қазақстан), Бэйхан университеті (Қытай), Тунцзи университеті (Қытай) және т.б. университеттер өкілдері қатысты.


Пленарлық отырыстар Тунцзи университетінің проректоры профессор Wu Guangming, Тунцзи университетінің WELCOME жобасының координаторы Yu Jean және Каталония политехникалық университетінің Vicenc Fernandez кіріспе сөздерімен ашылды.

Пленарлық мәжілістің қатысушылары келесі тақырыптар бойынша есеп берді:

- «Қазақстандағы жоғары білімнің интернационализациясы: жетістіктерге қысқаша шолу» (С.Б. Қасымова, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті);

- Erasmus+ «SUCTI: интернационалдандыру үшін жоғары оқу орындарында жүйелі өзгерістер» жобасы ((Maura Lerga, Ровира и Вирхилий университеті);

- Таллин техникалық университетінніңинтернационалдандыруы (Madli Krispin, Таллин техникалық университеті);

- «Қазақстандық университеттерінің студенттік бағдарланған саясатының аясында үйде және шетелде интернационалдандыру»(Ш. Иманғалиева, Нархоз университеті).

Сонымен қатар, конференция барысында талқыланатын 3 пікірталас дөңгелек үстелі өткізілді:

- Онлайн құралдар мен ресурстар. Университеттердің интернационалдандыруын қалай бағалау?

- Интернационалдандыруға бағытталған болашақ студенттік қолдау орталықтарын жоспарлау

- Университеттің интернационалдандыруын жоғары деңгейіне жету үшін қызметкерлер мен факультеттерді қалай дайындау керек?

Сондай-ақ 8 және 11 желтоқсанда WELCOME жобасына қатысатын жұмыс топтарының кездесулері болды, онда жобалық қаржылық басқару, веб-сайтты құру, тарату стратегиясын, сапа стратегиясын және тұрақтылық стратегиясын талқылады.

Сондай-ақ, ҚММУ-ның қызметкерлері Тунцзи университетінің халықаралық ынтымақтастық департаментіне және Медициналық мектептің халықаралық бөліміне барды. Кездесу барысында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында екі жақты келісімге қол қою мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізілді.


0
5310

пікірлер

пікір қалдыру үшін.