Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шет ел тілі бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған «My heart desires the Independence!» Әдеби-музыкалық композиция

Шет ел тілі бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған «My heart desires the Independence!» Әдеби-музыкалық композиция

15 Желтоқсан 2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар аурулары провпедевтика кафедрасы 2017 ж 13 желтоқсанында шетел тілі бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған  «My heart desires the Independence!» әдеби-музыкалық композициясын ағылшын тілінде атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараны ұйымдастыруға  ат салысқан 3-048 көп-тілді тобының студенттері: Ахметжан Гауһар, Гайсина Амина, Мажкенов Алмас, Нурмулдина Мадина, Ханазарова Айнура және  3-014а шет ел тілі тобының студенттері: Zaidi Muhammad Danish, Raziya, Amit Sharma, Chawla Bhupesh, Abdul Wasim.

Іс-шара барысында 3 курс студенттері шетелдік бірінші курс студенттеріне осы мерекенің тарихын таныстырып, еркіндік пен тәуелсіздікке қандай бағамен қол жеткізгенін  баяндап берді. 

Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының  маңызы зор ұлттық мерекелерінің бірі.  1986 жылы қазақ жастары демократиялық өзгерістерге үміттеніп, диктат орталығына қарсыластық білдіріп, байырғы халық арасынан Республика басшысын тағайындауын талап ету мақсатымен бейбітшілік наразылыққа щықты. Бірақ КСРО билік басындағылар шеруге шыққан қазақ жастарын әскер күшімен қатаң жазалады: 8,5 мың шеруші қамауға алынды, оның ішінде 99 – бас бостандығынан айырып, абақтыларға қамады. Бұл күн халқымыздың есінде мәңгілікке сақталуы тиіс!

Осы тарихи күннен бастап Қазақстан Республикасының дамуының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан елі сан ғасырлық еркіндік пен тәуелсіздік алу арманын іске асырды. Еліміз өз тәуелсіздігін 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында жариялады. Біздің еліміз көпұлтты, бір аспанның астында жүзден астам ұлт өкілдері  тату-тәтті өмір суріп жатыр.  Халықтың достастығы,  өзара түсіністігіжәне ынтымақтастығы – жаңа қалыптасқан Қазақстанның  негізі!

Кеш соңында осы тарихи қанды оқиғаның куәгерлері болған кафедра мұғалімдері көздеріне жас ала отырып естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар шет тілді бірінші курс студенттері де өз пікір-ойларымен бөлісе отырып кафедраға ризашылықтарын білдірді.

С.М.Садвакасова

Балалар аурулары пропедевтика

кафедрасының ассистенті


0
5347

пікірлер

пікір қалдыру үшін.