Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“Visiting professors” бағдарламасы іс-әрекет үстінде.

“Visiting professors” бағдарламасы іс-әрекет үстінде.

20 Желтоқсан 2017

Академиялық ұтқырлықтың бірі болып табылатын “Visiting professors”, бағдарламасының аясында мен М.Оспанов  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне шақырылдым. Шетел бөлімінің 1 курс студенттері арасында  мына күндері 27.11.17 - 07.12.17 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша ағылшын тілінде дәрістер мен практикалық сабақтар  өткізу мақсаты көзделінді.

  Дүйсенбі, 27 қарашаның таңертеңінен бастап Үндістанның түрлі штаттарынан, соның ішінде Солтүстік Кашмирден келген 95 студенттен тұратын үнді аудиториясына қатыстым.Бұл жай маған жағымды таң қалдырды, өйткені мен жақында ғана әлем халықтарының  тарихын егжей-тегжейлі сипаттайтын, әлемдегі жалғыз тарихшы-хроник, қолбасшы мен XV-ші ғасырдың билеушісі Мұхаммад Хайдар Дулатидің қабірін іздестіру үшін Қазақ хандығының толығырақ мәлемет жинастырған.
Студенттер, ерте таңға қарамастан (сабақтар 8:00 басталды) белсенді түрде дәріске қатысты.

Менің дәрістерімнің біреуіне Познань университетінің профессоры, БММУ-дің стратегиялық серіктесі, проректор Дворецка Мажена Ришардовна қатысып, “Deed of Kazakhstani people in the struggle against the fascist aggression (1941-1945)”, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты, өйткені профессор Дворецка кеңес дәуірінің тарихына қызығушылық танытады.

    Сонымен қатар, тарихшы ретінде менің студенттерімен тарихи мұражайларға, есте қаларлықтай орындарға баруға тырысамын, сол арқылы студентерге өткенге «қол жеткізуге» мүмкіндік береді. Осындай сабақтардың бірі 124 топтағы студенттермен бірге Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың мұражайында өткізілді. Онда студенттер соғыс кезінде  нәзік  жауынгер қыздың өжеттілігін, батыл әрекеттін көз алдарына елесттеті. Мұражайға келгеннен кейін студенттер  өзара әсерлерін  бөлісті, олардан осы іс-шараны шынымен ұнағаны байқалды.

  Дәрістен басқа, Қазақстан тарихы кафедрасы мен қоғамдық пәндер бойынша әріптестер практикалық сабаққа қатысты.
  Сондай-ақ, маған «Жастар ЖИТС-ке қарсы» білім беру іс-шарасының қазылар алқасына қатысуға  сәті түсті.
Ағылшын тілінде өткізілген бұл іс-шараны шет тілдер кафедрасынан «Жалпы медицина» мамандығының 124,125,126 шетел топтарының кураторлары ұйымдастырды. Кездесу әр сайыстың қатысушылары өздерінің ғылыми, зияткерлік, шығармашылық және коммуникативті құзыреттіліктерін көрсетуі тиіс болатын формада өтті.
  Ағылшын тілі кафедрасына әріптестеріммен және студенттермен тамаша кеш өткізуге мүмкіндік сыйлағаны үшін шынайы алғысымды білдіремін.

 

Жұмыс күндерінен  тыс  кафедра қызметкерлері  және кафедра меңгерушісі Ж.Т. Тулеуберген және аға оқытушы Б.И.Шәмші, Ақтөбе қаласының тарихи орындарына саяхат ұйымдастырды.
Бауыржан Исаевич қаланың алғашқы көшелері мен тарихи объектілеріне керемет саяхат өткізді. 
  Академиялық ұтқырлық нәтижесінде университеттің әкімшілігі М.Оспанов атындағы БММУ ректоры, профессор Е.Ж.Бекмұхамбетов  алғыс хатпен марапаттады.
ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова  “Visiting professors”. бағдарламасына қатысқаны үшін.
  Мен ҚММУ ректоры, м.ғ.д., профессор Р.С.Досмағамбетоваға және Халықаралық ынтымақтастық департаментіне және Болонск  үрдісіне осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Бірлескен қызметтің алғашқы тәжірибесі екі жақты одан әрі ынтымақтастыққа және жемісті жұмысқа ынталандырды.

  Әрине, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің халықаралық студенттерімен жұмыс жасау бойынша маманы Рафик Баситуге алғысымды білдіремін.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси  пәндері кафедрасының

аға оқытушысы  О.А. Ковтун.


0
5265

пікірлер

пікір қалдыру үшін.