Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Курск мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық
26 Наурыз 2018
2018 жылдың наурыз айында, жедел медициналық көмек кафедрасының ассистенті Каммерер Людмила Александровна, 10 күн Курск мемлекеттік медицина университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтті.
Болашақтыжіберіп алмаңыз - ол басталды: қазіргі заманғы әлемдік тенденция
20 Наурыз 2018
2018 жылдың 13 және 19 наурызында ҚММУ базасында «Болашақ жіберіп алмаңыз - ол басталды: қазіргі заманғы әлемдік тенденция», «Болашақтағыэкономикадағы медицина» тақырыптарындадәрістер жүргізілді.
Құқықтық сауаттылық күніне арналған дөңгелек үстел отырысы
20 Наурыз 2018
ҚММУ студенттерді қолдау қызметі мүшелерінің бастамасымен 14 наурыз күні студенттердің құқықтық білімдерін арттыру мақсатында құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде университет қабырғасындағы ережелер мен моральдік, эстетикалық қағидаларды бұзу жауапкершіліктері қарастырылды.
Көктемнің жаңару «Наурыз мейрамы»
20 Наурыз 2018
2018 жылдың 19 наурызында терапиялық пәндер кафедрасы ұйымдастырумен көктемнің жаңару «Наурыз мейрамын» атап өтті. Мерекелік іс-шараға 5 курс студенттері, акушер-гинеколог интерндері, ішкі аурулар кафедрасының интерндері, ЖДТ интерндері қатысты. Сахна ұлттық нақышта, жарқын әсемдеулер безендірілді. Студенттер концерттік бағдарлама әншілер, домбырашылар, ұлттық киімдегі бишілердің қатысуымен шынайы «шашу», музыка және теартлық көріністерді «Армысың, әз-Наурыз!» сахналық көрінісін ұйымдастырды.
Туберкулезді алдын ала емдеу
20 Наурыз 2018
Қарағанды облысында дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орай, туберкулез ауруын алдын ала емдеу жайындағы айлық аяқталуда. Туберкулез ауруын алдын ала емдеу жайындағы айлығына арнап жастармен жұмыс жөніндегі бөлім мен фтизиатрия кафедрасы бірқатар шаралар өткізді.
Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің академиялық ұтқырлығы туралы
19 Наурыз 2018
Жакенова Сауле Рахимжановна «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы шеңберінде 26.02.2018 - 09.03.2018 аралығында Абуали ибн Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетіне жіберілді.
ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!
19 Наурыз 2018
Орыс тілі кафедрасы көктем мерекесін «Наурыз келді» атты концертпен қарсы алды. Кафедрада оқып жүрген 1 курс студенттері мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1-001 топ студенті Абылаева Назеркенің орындауындағы «Наурыз көктем» әнімен қатар көрсетілген қазақтың «Шашу» дәстүрі концерттің жарқын жаңалығы болды. Шетел бөлімінің 1-003 топ студенттері Матхур Танаи Химанткумар және Мина Амит Кумардың әндері концерт бағдарламасын ерекшеледі.
ENSP (Europen Network for Smoking and Tobacco Prevention) Бас хатшысы Мырза Cornel Radu-Loghin кездесу.
19 Наурыз 2018
19 наурызда Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті басшылығымен ENSP (European Network for Smoking and Tobacco Prevention) Бас хатшысы Корнель Раду-Логхинмен кездесуі өтті. Кездесу барысында зерттеу саласы бойынша әлеуетті ынтымақтастық мәселелері, темекіден улануды алдын алу бойынша жобаларды жазу, ҚММУ-нің темекі шегудің еуропалық ассоциациясына кіруі -ENSP (European Network for Smoking and Tobacco Prevention)талқыланды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Акушерлік және гинекология, сонымен қатар балалар» мамандығы резиденттерінің КФ «University medical center» оқытылуы
19 Наурыз 2018
Астана қаласының КФ «University medical center» «Ана мен бала» орталығының әйелдер аурулары бөлімшесінде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша «Акушерлік және гинекология, сонымен қатар балалар» мамандығының 10 дәрігер резиденттері: А.А.Токбергенова, Г.Ж. Уташева, Л.К. Байниязова, В.И. Нефедова, А.Д.Черная, М.Б. Шарипова, И.М. Жылкыбаева, А.А.Iскендiр, К.К. Шортанбаева, А.Е. Темирбаева. 2018 жылдың 11ақпаны мен 07 наурыз аралығында «Аурухана ішілік гинекология 2» циклын өтті.
Студенттік лига
19 Наурыз 2018
Қыздар арасында студенттік лиганың волейболдан жарысы өткізілді. Жүлдеге 5 команда тартысқан болатын.