Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқықтық сауаттылық күніне арналған дөңгелек үстел отырысы

Құқықтық сауаттылық күніне арналған дөңгелек үстел отырысы

20 Наурыз 2018

ҚММУ студенттерді қолдау қызметі мүшелерінің бастамасымен 14 наурыз күні студенттердің құқықтық білімдерін арттыру мақсатында құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде университет қабырғасындағы ережелер мен моральдік, эстетикалық қағидаларды бұзу жауапкершіліктері қарастырылды.

Студенттерді қолдау қызметі белсенділері Дауренбек Аскаров, Алия Жиренбаева жиналғандарға Ішкі Ережелер мен жатақханада тұру ережелерін тағы бір мәрте еске салып өтті.

Артынша жиналғандар ішінен екі топ жасақталды: «Эрудит» және «Winners». Топ мүшелері тесттік тапсырмаларға жауап беріп жағдаяттық тапсырмаларды орындады.

Әділқазы алқасы құрамына кірген: Нурберген Беласаров– ҚММУ студенттер Координациондық Кеңесінің басшысы, Сабина Гофман– «Самұрық» СР академиялық жұмыс жөніндегі министрі Гульнара Камашева–ҚММУ Студенттерді қолдау қызметінің жетекшісі топтардың жұмысын бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Ойын қорытындысы бойынша «Winners» тобы 470 ұпаймен жеңіске жетті. «Эрудит»тобы 420 ұпаймен екінші орынға ие болды. Ойынға қатысқан барлық студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

Г.М. Камашева

ҚММУ Студенттерді қолдау қызметінің жетекшісі


0
4465

пікірлер

пікір қалдыру үшін.