Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Акушерлік және гинекология, сонымен қатар балалар» мамандығы резиденттерінің КФ «University medical center» оқытылуы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Акушерлік және гинекология, сонымен қатар балалар» мамандығы резиденттерінің КФ «University medical center» оқытылуы

19 Наурыз 2018

Астана қаласының КФ «University medical center» «Ана мен бала» орталығының әйелдер аурулары бөлімшесінде академиялық мобильділік  бағдарламасы бойынша «Акушерлік және  гинекология, сонымен қатар балалар» мамандығының 10 дәрігер резиденттері: А.А.Токбергенова, Г.Ж. Уташева, Л.К. Байниязова, В.И. Нефедова, А.Д.Черная, М.Б. Шарипова, И.М. Жылкыбаева, А.А.Iскендiр, К.К. Шортанбаева, А.Е. Темирбаева. 2018 жылдың 11ақпаны мен 07 наурыз аралығында  «Аурухана ішілік гинекология 2» циклын өтті.  Оқу басында JCI  және техникалық қауіпсіздігі туралы таныстыру нұсқаулығы жүргізілді. Орталықта жұмыс барысында резиденттер оталарға ассистент болды, бөлімшеде науқастарды қарап, сұрастыру жүргізді, медициналық құжаттарды толтырды,  сонымен қатар жатыр миомасы, бедеулік, зәрді ұстай алмау және т.б ауруларды қазіргі заманауи емдеу тәсілдерімен танысты. Дәрігер-резиденттер төмендегі  ота түрлерімен танысып, оларға қатысты: ілмектік уретропластика (TVT-O), лапароскопиялық жатыр ампутациясы және экстерпациясы сеткалық протезбен промонтофиксациясы, жатыр артериясының эмболизациясы, сальпингостомия және т.б.

Сонымен қатар АБҰҒО  әйелдер аурулары бөлімшесіне отамен емдеуді қажет ететін сүт бездері жаңа түзілімдері бар науқастар келіп түседі.  Мұндай оталарға, атап айтқанда мастэктомия, сүт безінің секторалды резекциясы жатады, бұл ота түрлері де біздің университет резиденттерінің қатысуымен жүргізілді. Резиденттер «Ретроцервикальды эндометриоз», «Гистероскопия негіздері», «Лапароскопия негіздері», «Жатыр миомасы», «Іштеспе» тақырыптары бойынша дәріс сабақтарына, таңертеңгілік конференцияларына қатысты.

 ЭКҰ орталығы жұмысымен танысып, фолликулдар пункциясы процедурасына қатысты. 

Дәрігер- резиденттер өздерінің тәжірибелік қабілеттерін қосымша жаттықтыру мақсатында АБҰҒО базасының лапаро-, гистероскопия жүргізуге қажетті тренажерлары бар симуляционды орталықта күнделікті жаттығып отырды. 

Оқу барысында біздің университет резиденттері АБҰҒО резиденттерімен достық қарым –қатынас құрды. Цикл бойы орталықта жұмыстың өнімділігі үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалды. Бір сөзбен айтқанда барлық дәрігер резиденттер сапардан оң эмоциямен оралды.  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әкімшілігіне Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығында «Академиядық ұтқырлық бағдарламасы» бойынша оқуға мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіргіміз келеді. Астана қаласындағы «Ана мен бала » орталығының әйелдер аурулары бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Б.Ұ. Примбетовке  ерекше алғыс айтамыз.


0
5112

пікірлер

пікір қалдыру үшін.