Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Курск мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

Курск мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

26 Наурыз 2018

2018 жылдың наурыз айында, жедел медициналық көмек кафедрасының ассистенті Каммерер Людмила Александровна, 10 күн Курск мемлекеттік медицина университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтті.

Бүгінгі күні Курск мемлекеттік медицина университеті Ресейдің жетекші медициналық университеттерінің бірі болып табылады. Университетте 9 мың оқушы оқиды, оның ішінде Үндістан, Бразилия, Нигерия, Шри-Ланка, Малайзиядан 2,5 мыңға жуық шетелдіктер бар.

Академиялық ұтқырлықты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті «Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия» кафедрасы негізінде өткізілді. Бұл кафедра 1999 жылы құрылып, кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор С.А. Сумин тағайындалып қазіргі уақытқа дейін басқарып келеді. Сергей Александрович 200-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы.

«Ресейдің 100 үздік университеттері» байқауында жоғары оқу орындары үшін үздік оқулық (жыл оқулығы)» номинациясы бойынша бірінші орынмен марапатталды. Қазіргі кезде «Шұғыл жағдайлар» атты оқулық «Жедел медициналық көмек» мамандығының студенттері мен біздің университетіміз үшін негізгі оқулық болып табылады.

Сапар барысында кафедраның доценті П.А. Ереминнің 6-курс студенттеріне өткізген практикалық сабақтарына, сондай-ақ «Жүрек-қан тамырлары ауруларындағы шұғыл жағдайлар», «Жол-көлік жарақаттары» тақырыбында оқиған дәрістеріне қатысып, арнайы әзірленген академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша медицина факультетінің алтыншы курс студенттерімен тәжірибелік сабақтар өткізді.

Сабақтар инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып талдау жасалды, «коллапс, кома» және «күйзеліс жағдайы» секілді тақырыптар бойынша өткізілді.

Студенттер сабақта белсенділік танытып, ситуациялық есептерд3 шешті, тест тапсырмаларына жауап берді, көптеген сұрақтар қойды. Сабақ психологиялық микроклиматты мейірімді, студенттер оқу материалдарын үлкен ынта-жігермен қабылдады.

Курск медициналық университеті оқытушыларының пікірінше сабақтар жоғары педагогикалық және әдістемелік деңгейде жүргізілді, материалдарды толық талдау, мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды.

Академиялық ұтқырлық аясында Курск университетіне экскурсия жасап, университеттің тарихи мұражайына тамашаладым. Маған қалыпты және патологиялық анатомия  кафедрасы ұнады, онда студенттерді оқыту сулы анатомиялық препараттармен жүргізіледі. Сондай-ақ тамаша анатомиялық мұражай бар.

Бос уақытымда Курск қаласының мәдени және тарихи орындарын тамашаладым.

Курск мемлекеттік медицина университетінің әкімшілігіне және профессорлық-оқытушылар құрамына, достық, шыраймен қарсы алғаны үшін, жоғары кәсіби мамандармен тәжірибе алмасу үшін терең алғысымды білдіргім келеді.

«Анестезиология, реаниматология және интенсивті терапия» дипломнан кейінгі білім кафедрасы меңгерушісі, қарым-қатынаста қарапайымдылығы, мейірімділігі мол, әлемдік маңызы бар Сергей Александрович Суминмен  кәсіби деңгейде сөйлесу мүмкіндігін үшін ерекше рахметімді айтқым келеді.

Курск қаласында алған өзара қызықты тәжірибе алуға мүмкіндік берген ҚММУ ректоры Досмағамбетова Раушан Султановнаға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне үлкен алғысымды білдіремін.

Л.А.Каммерер

Жедел медициналық көмек кафедрасының ассистенті КАММЕРЕР Л.А.


0
4595

пікірлер

пікір қалдыру үшін.