Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!

ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!

19 Наурыз 2018

    Орыс тілі кафедрасы көктем мерекесін «Наурыз келді» атты концертпен қарсы алды. Кафедрада оқып жүрген 1 курс студенттері мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Қоғамдық  денсаулық сақтау факультетінің  1-001 топ студенті Абылаева Назеркенің орындауындағы «Наурыз көктем» әнімен қатар көрсетілген қазақтың  «Шашу» дәстүрі концерттің жарқын жаңалығы болды. Шетел бөлімінің 1-003 топ студенттері Матхур Танаи Химанткумар және Мина Амит Кумардың әндері концерт бағдарламасын ерекшеледі. Олар гитарамен достық туралы ән орындап, отырған оқытушыларды және студенттерді наурыз мейрамымен құттықтады. Сонымен қатар қазақтың күйі, «Қара жорға» биі, тақпақтар орындалды. Дәстүр бойынша мейрам батамен тамамдалды.



0
4483

пікірлер

пікір қалдыру үшін.