Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көктемнің жаңару «Наурыз мейрамы»

Көктемнің жаңару «Наурыз мейрамы»

20 Наурыз 2018

2018 жылдың 19 наурызында терапиялық пәндер кафедрасы ұйымдастырумен көктемнің жаңару «Наурыз мейрамын» атап өтті. Мерекелік іс-шараға 5 курс студенттері, акушер-гинеколог интерндері, ішкі аурулар кафедрасының интерндері, ЖДТ интерндері қатысты. Сахна ұлттық нақышта, жарқын әсемдеулер безендірілді.  Студенттер концерттік бағдарлама әншілер, домбырашылар, ұлттық киімдегі бишілердің қатысуымен шынайы  «шашу», музыка және теартлық көріністерді «Армысың, әз-Наурыз!» сахналық көрінісін ұйымдастырды. Дастарханды кең жайылып, мерекенің арнайы тағамы Наурыз көже дайындалды.

5029-5030 топ студенттері қазақ тойының «Беташар» салт-дәстүрін көрсетті. 5-098, 5-114 топтың ұйымдастыруымен «Қара жорға»  биін жоғарғы деңгейде өтті . 5-103 және  5-105 «Наурыз» әнін шырқады. «Акушерлік және гинекология» кафедрасының 6 курс интерндері «Қайдасың» әнін орындады.

Осындай іс-шаралар ұлттық байлығымызды мәдениетімізді сақтап, соның арқасында еліміздің бірлігін сақтайды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы  терапиялық пәндер кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі   Д.Е. Тулегеноваға үлкен алғысымызды білдіреміз

Айбатыр Исказин 5-105 ЖМ

Елизавета Рассохина 5-103 ЖМ

АсельСерикова 5-103 ЖМ


0
4672

пікірлер

пікір қалдыру үшін.