Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Туберкулезді алдын ала емдеу

Туберкулезді алдын ала емдеу

20 Наурыз 2018

  Қарағанды облысында дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орай, туберкулез ауруын алдын ала емдеу жайындағы айлық аяқталуда.

  Туберкулез ауруын алдын ала емдеу жайындағы айлығына арнап жастармен жұмыс жөніндегі бөлім мен фтизиатрия кафедрасы бірқатар шаралар өткізді.

  Бірінші қадам болып туберкулез қандай жолмен берілетіні туралы және ол ауруды қалай алдын алуға болатыны туралы ҚММУ студенттері мен оқытушыларына арналып қойылған  бейнеролик.

  Келесі қадам болып ОӘД – нің алдындағы алаңда туберкулезді алдын алу туралы театрланған қойылым болды. Акция бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

  Туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізудің ақырғы қадамы болып ҚММУ жатақханаларында аурулардың симптомдарын сипаттайтын буклеттерінің үлестірілуі болды. Сондай-ақ тексерістен өтуге ниетті адамдарға тексерістен қалай өту керек екені туралы түсіндірілді.

  Айлықты қорытындылай отыра, Фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі профессор Н.С.Тәбріз айтты: «Медицина дамуының заманауи деңгейінде туберкулез - бұл үкім емес, бұл тек диагноз. Ауру ертерек анықталса, сәтті емделу мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары болады».

  Қорытындылай келе, біздің елімізде туберкулездің алдын алу және  емдеу мәселелеріне мемлекет назар аударуда. Осы қауіпті аурумен күресуде отандық медицина соңғы жылдары ең озық технологиялар мен қазіргі заманғы препараттарды қолданып, Қазақстанда туберкулез ауруына шалдығуды айтарлықтай азайтты. 

Тухметов А.К.

  ЖЖБ специалисті

0
4446

пікірлер

пікір қалдыру үшін.