Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің академиялық ұтқырлығы туралы

Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің академиялық ұтқырлығы туралы

19 Наурыз 2018

Жакенова Сауле Рахимжановна «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы шеңберінде 26.02.2018 - 09.03.2018 аралығында Абуали ибн Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетіне жіберілді.

С.Р. Жакенова универтитетте болған кезде Душанбе қаласының Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының медицина және стоматология факультетінің төртінші курс студенттеріне дәріс оқыды және тәжірибелік сабақ жүргізді. Оқылған дәрістердің тақырыптары:  «Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым ретінде және оқыту пәні ретінде», «Халықтың денсаулығы және оны зерттеу әдістері. Демография және оның медициналық және әлеуметтік аспектілері», «Халықтың өлім-жітімінің әлеуметтік-гигиеналық аспектілері. Нәрестелер мен аналар өлімін талдау және медико-әлеуметтік маңыздылығы», «Тұрғындар сырқаттанушылығы. Ауруды зерттеу және талдау әдістері», «Медициналық статистика».

С.Р. Жакенова тәжірибе алмасу шеңберінде «Стоматология» мамандығының 4 курс студенттеріне проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясы бойынша УЕЖ  ауруларын талдау»,  «Өнеркәсіптік қызметкерлерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында TBL әдіснамасы бойынша сабақтар өткізді. 

ТММУ басшылығымен Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасымен және Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі кафедрасымен бірге өзара келісімге қол жеткізілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау және

 мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі    Жакенова С.Р.   



0
4705

пікірлер

пікір қалдыру үшін.