Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Корольдік технологиялық университетінің мысалында (Стокгольм, Швеция) «Кешенді интернационалдандыру: құралдар мен әдіснамалар» тренингі
20 Шілде 2018
2018 жылы 14 шілдеде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті базасында университеттің әкімшілік қызметкерлері үшін «Кешенді интернационалдандыру: құралдар мен әдіснамалар» тақырыбында тренинг өтті. Бұл тренинг Erasmus + WELCOME «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасына аясында ұйымдастырылды, оның міндеттерінің бірі ҚММУ қызметкерлерін интернационалдандыру саясатын жүзеге асыру үшін оқыту болып табылады. Көрермендерге келесі тақырыптар ұсынылды:
Авиценна атындағы Бұхара мемлекеттік медициналық институтіндегі (Бұхара қ., Өзбекстан) академиялық ұтқырлық
18 Шілде 2018
Екі аптаға созылған өндірістік тәжірибе барысында, біз хирургия, терапия, сәулелі диагностика саласындағы шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін меңгердік. Бес адамнан екі топқа бөлініп, 1-ші бестік терапия, 2-ші бестік хирургия бөлімшелерінде өткіздік. Сонымен қатар, тәжірибе бағдарламасын жақсы меңгеру үшін, әрбірімізге жеке дәрігерден жетекшілік тағайындалды.
KazMSA студенттік ұйымының шеңберінде ҚММУ-не Түркия, Польша, Дания және Чехия елдерінен студенттердің келуі
18 Шілде 2018
2018 жылы Қазақстандық Медик Студенттердің Қауымдастығы (KazMSA) аясында Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетіне Түркия, Польша, Дания және Чехиядан 7 студент келді, қыркүйек айында Чехиядан тағы бір студенттің келуі күтілуде.
Академиялық ұтқырлық - табысқа жету жолы
16 Шілде 2018
Біз Жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-ші курс студенттері, академиялық ұтқырлық жобасы бойынша Самарқанд мемлекеттік медицина институтында өндірістік тәжірибеден өттік. Өндірістік тәжірибе «Акушерия және гинекология» пәндері бойынша Самарқанд қаласының Республикалық ауруханасы базасында және «Педиатрия» пәні бойынша Облыстық көп салалы балалар ауруханасының базасында өтті.
Франция үкіметінің шәкіртақылық конкурсының нәтижелері
11 Шілде 2018
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті биология кафедрасының оқытушысы Дидар Бекежанұлы Оқасовты Франция үкіметінің стипендиясын «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде (Франция) PhD докторантурада құттықтайды! Оқуыңызда және зерттеуіңізде сәттілік тілейміз!
2018 түлектері!
11 Шілде 2018
2018 жылы 5 шілде айында ҚММУ Акт залында «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша интернатура түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсырысы өтті.
«Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалардың» мамандығында оқитын 8-003 тобының резиденттерінің академиялық ұтқырлық бойынша Милан университетіне баруы
11 Шілде 2018
2018 жылдың 16 маусымда - 1 шілде аралығында «анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалардың» мамандығының бірінші курс резиденттері академиялық ұтқырлық шеңберінде Милан университетіне барып, Сан Паоло госпиталінің базасында «Торакальді хирургиядағы анестезия және интенсивті терапия» модулі бойынша білім алды.
Витебск мемлекеттік Достық орденімен марапатталған медицина университетіндегітәжірибе!
10 Шілде 2018
Академиялық ұтқырлық шеңберінде ҚММУ 3 курс студенттері «Стационардағы дәрігердің көмекшісі» ретінде Витебск мемлекеттік Достық орденімен марапатталған медицина университеттінде тәжірибеден өтті.
Жолдарыңыз болсын!
10 Шілде 2018
2018 жылдың 4 шілдесінде «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының түлектеріне диплом беру рәсімі өтті.
"Дәрігердің көмекшісі" өндірістік тәжірибесін өту үшін Акакий Церетели атындағы Мемлекеттік университетте сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы.
09 Шілде 2018
Біз, "Жалпы медицина және стоматология" факультетінің 3 курс студенттері Саипов Дамир, Мырзахметова Камила, Мусукулова Самал, Рахметолинова Ақнұр және Максут Жандос 2018 жылдың 15 маусым және 2 шілде аралығында, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Акакий Церетели атындағы мемлекеттік университетінің арасындағы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында, өндірістік тәжірибені IMERETI REGIONAL CLINICAL HOSPITAL өттік. Біздің жетекшілеріміз Маико Гиоргадзе мен Михаил Шавгули