Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық - табысқа жету жолы

Академиялық ұтқырлық - табысқа жету жолы

16 Шілде 2018

Біз Жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-ші курс студенттері, академиялық ұтқырлық жобасы бойынша Самарқанд мемлекеттік медицина институтында өндірістік тәжірибеден өттік. Өндірістік тәжірибе «Акушерия және гинекология» пәндері бойынша Самарқанд қаласының Республикалық ауруханасы базасында және «Педиатрия» пәні бойынша Облыстық көп салалы балалар ауруханасының базасында өтті.

Акушерия және гинекология кафедрасында Дилдора Рахимовнаның рұқсатымен акушерлік және гинекологиялық оталарға қатысу мүмкіндігі берілді. Педиатрия кафедрасында науқастарды бақылап, диагнозға және емдеу жоспарына қатыстық. Сондай-ақ, тәжірибе барысында біз таңертеңгі конференцияға қатысып, пациенттерді профессорлармен тексердік. Тәжірибе жетекшілерінің әрқайсысы бізді жылы қарсы алып,  аурухана тарихымен таныстырды және кафедрада экскурсия өткізді.

Біз  «Орталық Азия аймағындағы аймақтық патологиядағы паразиттік және жұқпалы аурулар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырылдық. Конференцияда Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның атақты паразитологтары мен жұқпалы ауруларының мамандары балалардың түрлі паразиттік аурулары туралы баяндамаларын оқыды.

Бос уақытымызда бізге арнап Самарқанд мемлекеттік медицина институтының жетекшілігімен экскурсия өткізілді. Экскурсияда Регистан алаңы, Гур Эмир, Бибі -Ханым, Шахи - Зинда сияқты көрікті жерлерде болдық. Біз осындай ежелгі және қасиетті орындарға барғанымызға өте қуаныштымыз. Сондай-ақ, СамМИ басшылығының мейірімділігі мен қонақжайлылығын атап өткіміз келеді.

Берілген мүмкіндік пен қолдау үшін біз ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға, ҚММУ басшылығына және Халықаралық ынтымақтастық бөліміне, атап айтқанда Сапарова Мөлдірге мол алғысымызды білдіреміз.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-ші курс студенттері: Әбдір Азамат, Бекқожа Динара, Каримова Диана, Омаров Ержан, Рахимберлина Салтанат, Рахимжанова Айсұлу.


0
4351

пікірлер

пікір қалдыру үшін.