Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Дәрігердің көмекшісі" өндірістік тәжірибесін өту үшін Акакий Церетели атындағы Мемлекеттік университетте сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы.

"Дәрігердің көмекшісі" өндірістік тәжірибесін өту үшін Акакий Церетели атындағы Мемлекеттік университетте сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы.

09 Шілде 2018

Тәжірибе және бақылау - қол жеткізу мүмкіндігі әрбіріне ашық,

ең ұлы даналық көзі осы.

У.Э.Чэннинг

  Біз, "Жалпы медицина және стоматология" факультетінің 3 курс студенттері Саипов Дамир, Мырзахметова Камила, Мусукулова Самал, Рахметолинова Ақнұр және Максут Жандос  2018 жылдың 15 маусым және 2 шілде аралығында, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Акакий Церетели атындағы мемлекеттік университетінің арасындағы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында, өндірістік тәжірибені IMERETI REGIONAL CLINICAL HOSPITAL өттік. Біздің жетекшілеріміз Маико Гиоргадзе мен Михаил Шавгулидзе болды.

  Екі апта аралығында біз шетелдік әріптестеріміздің жалпы хирургия, терапия, визуалдық диагностика саласындағы тәжірибелерін қабылдадық. Біз екі топқа бөліндік, бірінші топ терапия бөлімінде, ал екінші топ хирургия бөлімінде болды.

   Терапия бөлімінде біз науқастарды қарауға қатыстық, шағымдарды, анамнездерін жинау, жалпы қарау, тыныс алу, қан айналымы, ас қорыту, зәр шығару және нейроэндокриндік жүйенің мүшелерін пальпациясын, перкуссиясын және аускультациясын өткіздік, жетекші синдромды белгіледік және алғашқы диагнозды тиянақтауға қатыстық. Хирургия бөлімінде біз науқастарды қарауға, физиопроцедураларды өткізуге, жара таңу бөлмесінде жұмыс істеп, рентген суреттерді, функционалды және лабораториялық зерттеулерді жинап және интерпретация, операцияға дайындау шараларына қатыстық.   

  Тәжірибеден бос уақытта xирург-ортопед және Акакий Церетели атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы Миxаил Шавгулидзенің дәрістеріне қатыстық. Дәрістерде ағылшын тілінде білім алып жатқан көптеген шетел студенттерімен таныстық.

  Клиниканың деңгейі, клиника қызметкерлерінің бізге деген сыйластығы, білім және тәжірибелерімен бөлісуге деген құштарлығы, тәжіриден өтуге жасалған жағдай бізді таңқалдырды. Болашақта елімізге пайдалы болатын тәжірибе алуға мүмкіндік алдық.

  Грузия елінде тәжірибе өтуге мүмкіндік бергені үшін университет ректоры Р.С. Досмағамбетова, xалықаралық ынтымақтастық бөлімі қызметкерлеріне,оның ішінде С.Б. Касымова және Б.С. Еримбетова үлкен алғысымызды білдіреміз.


0
4454

пікірлер

пікір қалдыру үшін.