Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Новосибирск мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы
05 Шілде 2018
28 мамыр жəне 3 шілде аралығында "Жалпы медицина "факультетінің 10 студенті Ресей федерациясының Новосибирск қаласында өткен өндірістік тәжірибеде болып келдік. Өндірістік тәжірибе "Акушер және гинекология " бойынша №1 қалалық ауруханасында, "Балалар аурулары" бойынша Балалар клиникалық қалалық ауруханасында өтті.
Қауіпсіздік - эндовидеохирургияның басты қағидасы
05 Шілде 2018
Медицина қызметкерлерінің күнін тойлау қарсаңында маусым айының 13-15 жұлдызында Ақтау қаласында халықаралық қатысумен «ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК» тақырыбында Қазақстанның Эндоскопиялық Хирургтары Қауымдастығының VII-ші Съезді өтті.
Мейірімділік эстафетасы!
05 Шілде 2018
Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім және 6 курс интерндары Мүгедек балаларға арналған облыстық балалар үйіне баруды ұйғарды. Интерн- дәрігерлер балаларға «Ертегілер әлемінде» атты қызықты бағдарлама дайындады.
Түлектер кездесуі
03 Шілде 2018
30 маусымда ҚММУ акт залында әртүрлі жылдардағы түлектердің дәстүрлі кездесуі өтті. Шілде айының жылы күнінде жастықпен кездесу үшін Қарағанды ​​медицина институтының бұрынғы студенттері, біздің «alma mater» - ді 20, 30, 40 және 50 жыл бұрын бітірген адамдар келді.
Шет тілдер кафедрасындағы жазғы тіл мектебінің аяқталуы туралы
03 Шілде 2018
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатымен Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің шет тілдер кафедрасында 2018 жылдың 18 маусымы мен 29 маусымы аралығында «Негізгі ауызекі ағылшын тілі курсы» атты жазғы тақырыптық тіл мектебі өткізілді.
Куәлік тапсыру рәсімі
29 Маусым 2018
2018 жылдың 29 маусымында инновациялық технологиялар трансферті орталығы «Клиникалық пәндерді оқытудағы білім беру технологиялары» модулібойынша медициналық білім беру ұйымдарына кезекті ПОҚ-ты оқыту аяқталды.
LDLTStudyGroup бірлескен отырысы және GastroHepatoTransplantNews 2018 IV Гепатологтар Конгресі.
29 Маусым 2018
Маусымның 23-і мен 24-і аралығында Астана қаласында LDLTStudyGroup бірлескен отырысы және GastroHepatoTransplantNews 2018 IV Гепатологтар Конгресі өтті.
Орыс тілін оқытудың инновациялық тәсілдері
28 Маусым 2018
2018 жылдың 25-26 маусымында орыс тілі кафедрасында «Кәсіби бағытталған білім беру ортасы жағдайында орыс тілін ана тілінде емес оқытудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында оқу семинары өтті.
Оқу семинары
27 Маусым 2018
2018 жылдың 18- 21 маусым аралығында «Современные подходы к диагностике и терапии тревожных и депрессивных расстройств» тақырыбы бойынша оқу семинары өткізіледі.
«Эразмус+ аясында жобалық өтініштерді дайындау» бойынша халықаралық практикалық семинар
26 Маусым 2018
Маусымның 21-і мен 22-і аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық Кеңсесінің ұйымдастыруымен «Эразмус+ аясында жобалық өтініштерді дайындау» бойынша халықаралық практикалық семинар өтті, онда ҚММУ-нің қызметкерлері: инновациялық технологиялар трансферті бойынша маман Г.Ж.Абакасова мен халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы С.Б.Қасымова қатысты.