Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Новосибирск мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Новосибирск мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

05 Шілде 2018

28 мамыр жəне 3 шілде аралығында "Жалпы медицина "факультетінің 10 студенті Ресей федерациясының Новосибирск қаласында өткен өндірістік тәжірибеде болып келдік. Өндірістік тәжірибе "Акушер және гинекология " бойынша №1 қалалық ауруханасында, "Балалар аурулары" бойынша Балалар клиникалық қалалық ауруханасында өтті.

Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің басшылығы бізді жылы ілтипатпен құшақ жая қарсы алып, 1935 жылдан бастау алған университет тарихымен жəне ғимаратымен таныстырды. Сонымен қатар, университеттің әкімшілігімен таныстырды, олардың ішінде НММУ-дың емдеу жұмысы бойынша проректоры Потеряева Елена Леонидовна ханыммен жақын таныстық. Ол бізге университеттің тарихын, оқу бағдарламаларын, даярлау бағыттарын, оқу үрдісіне қосылған жаңалықтарын айтып берді. Біз оған біздің ҚММУ туралы айтып бердік.


Бірінші өндірістік тәжірибе 28 мамыр мен 13 маусым аралығында "Акушер және гинекология " бойынша №1 қалалық аурухананың перзентханасында өтті. Перзентхананың ішіне: жүкті әйелдердің патология бөлімшесі, туу бөлімшесі, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесі кіреді.

Осында біз бас дәрігердің орынбасары А.Н.Дробинскаямен таныстық. Ол өзінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісті, өзінің оқу кезіндегі қызықты оқиғаларын айтып берді. Аурухана дәрігерлері бізбен өз тәжірибелерімен бөлісті. Отаға қатысып, хирургқа ассистент болу бақыты бұйырды.

Тәжірибенің соңында корытынды сынақ болды. Сынақтың теориялық және тәжірибелік бөлімдері болды. Теориялық бөлімде ауызша жауап бердік, ал тәжірибелік бөлім жүкті әйелдердің палаталарында өтті.


14 маусым мен 3 шілде аралығында қалалық балалар ауруханасында педиатр көмекшісі ретінде тəжірибеден өттік. Тәжірибенің кезінде біз кішкентай нәрестелерден бастап, үлкен жастағы мектеп оқушыларының ағзасын әр түрлі аурулар бойынша тексердік.

19 маусым күні Республикалық деңгейдегі педиатрлар арасында болатын ауқымды конференцияға қатысу біз үшін үлкен мәртебе болды. Бұл конференцияға мемлекеттің бас педиатрлары қатысып, баяндамаларын қорғады. Олар балалық шақтың түрлі аурулары, ерекше атопиялық дерматит, лактоздық жеткіліксіздік, жана технологиялардың балаға әсері және басқа аурулар туралы айтты. Аурухана дәрігерлерінің қонақжайлылығын,өз ісінің нағыз маманы екендіктерін көріп тəнті болдық. 

Тәжірибенің сонында қорытынды сынақ екі бөлімнен құралды. Олар теориялық бөлім және тәжірибелік бөлім. Теориялық бөлім ауызша сынақ түрінде өтті. Тәжірибелік бөлім науқастардың палатасында өтті.


Маусым айында қала тұрғындары 2 үлкен мерекені:қала күні және тәуелсіздік күнін тойлады.Алаңдарда болған мерекелік іс - шараларды,концерттік бағдарламаларды,от шашуларды көріп мəз-мейрам болдық.Қаланың əсем табиғаты мен қарапайым тұрғылықты халқы әбден көңілімізден шықты. 

Бізге осындай мүмкіндік бергені үшін Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Ұмытылмастай ұтымды тәжірибе жинадық. Осындай бағдарламалардың жастарды білімге,ғылымға ынталандыруда берері мол екендігіне сенімдіміз.

Афанасьева Дарья 4-091 ЖМ

Ковалев Владимир 4-103 ЖМ

Красноголовая Анастасия  4-075 ЖМ

Кударова Камила 4-089 ЖМ

Маханова Айзада 4-048 ЖМ

Мендыгалиев Ердаулет 4-098 ЖМ

Нурдаулетов Ержан 4-048 ЖМ

Сайдазимова Феруза 4-083 ЖМ

Семашко Евгения 4-076 ЖМ

Серегина Алина 4-090 ЖМ


0
4246

пікірлер

пікір қалдыру үшін.