Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қауіпсіздік - эндовидеохирургияның басты қағидасы

Қауіпсіздік - эндовидеохирургияның басты қағидасы

05 Шілде 2018

Медицина қызметкерлерінің күнін тойлау қарсаңында маусым айының 13-15 жұлдызында Ақтау қаласында халықаралық қатысумен «ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК» тақырыбында Қазақстанның Эндоскопиялық Хирургтары Қауымдастығының VII-ші Съезді өтті.

Бұл съезд 7 қатысушы-мемлекеттерді біріктірді, олар: Франция, Польша, Латвия, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстан.

Ауқымды форумға біздің медициналық университетіміздің атынан құрметті қатысушысы және модератор ретінде №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Шакеев Қайрат Танабайұлы қатысты. «Эндохирургиядағы қауіпсіздік» ғылыми секциясында «Эндохирургиядағы қауіптер және қателіктер: біздің тәжірибе» тақырыбында баяндама дайындалды, онда операция кезінде техникалық қиындықтар,эндохирургиядағы қауіптер және қателіктер және оларды алдын алудың мүмкін болатын жолдары жан-жақты баяндалды.

Каспий теңізінің сұлулығын және оның теңіз толқындарын ерекше атап өткім келеді...

Осы съездге қатысуға мүмкіндік берген және қолдау көрсеткені үшін ҚММУ ректоры Р.С Досмағамбетоваға және ЖОО-ның әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

№ 1 хирургиялық аурулар кафедрасының доценттері:

Б.А.Бегежанов, М.М. Жанасова


0
3986

пікірлер

пікір қалдыру үшін.