Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
LDLTStudyGroup бірлескен отырысы және GastroHepatoTransplantNews 2018 IV Гепатологтар Конгресі.

LDLTStudyGroup бірлескен отырысы және GastroHepatoTransplantNews 2018 IV Гепатологтар Конгресі.

29 Маусым 2018

Маусымның 23-і мен 24-і аралығында Астана қаласында LDLTStudyGroup бірлескен отырысы және GastroHepatoTransplantNews 2018 IV Гепатологтар Конгресі өтті. Конгресте Қазақстаннан және шетелден келген (АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) мамандардың гастроэнтерология, гепатология және трансплантологияның өзекті мәселелері бойынша мастер-кластар мен дәрістер өткізілді; секциялық ғылыми отырыстар, GHTGA Қауымдастығымен, «UniversityMedicalCenter» корпоративтік қорының Басқарма төрағасымен, LDLT Ассоциациясымен бірлескен сессия, постерлік сессия өткізілді. П.А. Каримова, 1 оқу жылының гастроэнтеролог –резиденті, 6 курстың терапевт-интерндары Ю.В. Махлаева, А.А. Идрисова, Ә.Т. Омар, А.Е. Таласпаева.

А.К. Ташимова, клиникалық жетекші, Қарағанды облысының Гепатоорталығының басқарушысы И.А. Лозинская, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М. Ларюшина постерлік сессияның жұмысына қатысып, «PROGNOSIS AND REQUIREMENT FOR LIVER TRANSPLANTATION IN PATIENTS WITH PRIMARY BILIARY CHOLANGITIS» тақырыбына баяндама жасады. Ұйымдастыру комитетінің Президиумы баяндаманың өзектілігін атап, жұмысты «Transplant Proceedings» журналына жариялауға ұсынды. Бізге гепатология саласындағы соңғы жаңалықтармен танысуға ерекше мүмкіндік берілді. Шетелдік мамандардың тәжірибесі бізді жаңа шыңдарды бағындыру мен ғылыми жаңалық ашуға жігерлендіреді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры Р.С. Досмағамбетова конгреске қатысуға мүмкіндік берген үшін алғыс айтамыз. №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Ларюшина Елена Михайловнаға ерекше ризалығымызды білдіреміз.

Ю.В. Махлаёва

А.А. Идрисова,

А.Е. Таласпаева,

А.К. Ташимова,

А.Т. Омар. 


0
4065

пікірлер

пікір қалдыру үшін.