Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мейірімділік эстафетасы!

Мейірімділік эстафетасы!

05 Шілде 2018

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім және 6 курс интерндары Мүгедек балаларға арналған облыстық балалар үйіне баруды ұйғарды.

Интерн- дәрігерлер балаларға «Ертегілер әлемінде» атты қызықты бағдарлама дайындады.

Бұл күні балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге ертегі патшасы, батыл хабаршылар, ертегі патшалығынан мейірімді адамдары және көптеген басқа кейіпкерлер келді. Балалар қойылымның басталуын күтіп, қонақтардың келгеніне қатты қуанышты болды.

Іс- шара өте жақсы өтті. Студенттер өздерінің жарқын бейнелері мен киім үлгілерімен кішкентай көрермендерге ертегілер әлемі қойылымын көрсетті. Балалардың көмегімен шығармашылық флеш – моб ұйымдастырып, барлығы «Бременские музыканты» мультфильмінің әндерін айтты.

Шығармашылық іс –шара, ұжымның фотоға түсуі мен сыйлықтар таратуымен аяқталды. Интерндер балалар үйінің тәрбиеленушілерін спорттық жабдықтар, өрісті дамытатын ойыншықтар, үстел ойындары және тағы да басқа сыйлықтармен қуантты.

Балалар қонақтардың келгендеріне қатты қуанып тағы келіп тұруларын өтінді.

Достар, жақсылық жасауды ұмытпайық!

Гаджиева Рагимат

ЖДТ 6 курс Интерн-дәрігері


0
4244

пікірлер

пікір қалдыру үшін.