Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Эразмус+ аясында жобалық өтініштерді дайындау» бойынша халықаралық практикалық семинар

«Эразмус+ аясында жобалық өтініштерді дайындау» бойынша халықаралық практикалық семинар

26 Маусым 2018

Маусымның 21-і мен 22-і аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық Кеңсесінің ұйымдастыруымен «Эразмус+ аясында жобалық өтініштерді дайындау» бойынша халықаралық практикалық семинар өтті, онда ҚММУ-нің қызметкерлері: инновациялық технологиялар трансферті бойынша маман Г.Ж.Абакасова мен халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы С.Б.Қасымова қатысты.

Семинардың басты мақсаты – Қазақстандық жоо-ры өкілдерінің Эразмус+ бағдарламасының жоғары білім берудің әлеуетін көтеру жобаларын жүзеге асыруға жобалық ұсыныстарды жасап шығаруға қисынды-жүйелік тәсілдеме арқылы қатысу мүмкіндіктерін арттыру болды. Семинардың басты спикері, Болонья сарапшысы, Ягелония университетінің профессоры доктор Марек Франковиц болды (Польша).

Семинардың қатысушылары екі күн ішінде Erasmus + бағдарламасының жоғары білім берудің әлеуетін көтеру жобаларының негізгі құрамдас бөліктерімен, логикалық және құрылымдық әдістермен, логикалық тәсілдің аналитикалық кезеңімен, тәжірибелік жобалармен танысты, пилоттық жобаны дамытудағы қажеттіліктерді, проблемаларды, мақсаттарды талдады, жобаның күнтізбесін және бюджетін әзірледі, Erasmus + болашақ жобаларының пилоттық идеясын дамытудың нәтижелерін ұсынды.

Тренинг соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті Қазақстандағы Erasmus + бағдарламасының Ұлттық Кеңсесіне, атап айтқанда Т.Ш. Тасболоваға аталған семинарды ұйымдастырғаны және университетімізді шақырғаны үшін алғысын білдіреді.


0
3814

пікірлер

пікір қалдыру үшін.